Yessenov University және Қазақстан-Неміс университеті: Ынтымақтастықтың бірлескен перспективалары

20.02.2024, 20:26
775
Yessenov University және Қазақстан-Неміс университеті: Ынтымақтастықтың бірлескен перспективалары gov.kz

Yessenov University Президенті Берік Ахметов және Қазақстан-Неміс Университетінің (DKU) Президенті Волрад Роммель қатысуымен Қазақ-Неміс тұрақты инженерия институтының (KINI) қызметкерлерімен және Есенов университетінің топ-менеджментімен кездесу өтті. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Кездесуде KINI жедел қызметінің тақырыптары мен академиялық, ғылыми-зерттеу даму бағыттарының стратегиялық жоспарлары, сондай-ақ Yessenov University мен DKU арасындағы бірлескен ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

Іс-шараның басты мақсаты – 2024 жылдың сәуіріне жоспарланған «Aktau Dialogue» жаңа жобасы болды.

Сонымен қатар, кездесу барысында алдағы жыл сайынғы «Aktau Dialogue» форумның логотипі, бағдарламасы және іс-шараны ұйымдастыру мен өткізу бойынша жоспары қарауға ұсынылды.

Қатысушылар қазақстандық және отандық ғалымдардың, білім, ғылым және өндіріс саласындағы сарапшылардың әріптестік қарым-қатынасын дамытуға жәрдемдесуге арналған бұл жоба аясында одан әрі ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.

Сондай-ақ, білім беру және ғылыми бағдарламаларды дамыту келешктері, сондай-ақ бірлескен зерттеулер мен жобалардың мүмкіндіктеріне қатысты маңызды сұрақтар көтерілді.

Түстен кейін Берік Ахметов және Волрад Роммель KINI студенттерімен кездесті. Yessenov University Президенті кампусты дамыту жоспарларына тоқталып, KINI студенттерінің оқу және демалыс жағдайлары туралы студенттердің барлық өзекті сұрақтарына жауап берді.

DKU Президенті KINI-дің білікті студенттеріне Германияда Summer School аясында қысқа мерзімді тағылымдамадан өту арқылы тілдерін жетілдіру мүмкіндігін ұсынды.

Екі кездесу де Yessenov University мен Қазақстан-Неміс Университетінің арасындағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашып, ғылыми және білім беру жобаларын дамытуға деген ортақ ұмтылысты растады.

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды