770

14 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Шымкентте ұсталды

Тұран ауданының көші-қон қызметкерлері 38 жастағы ер адамды рейдтік шара жүргізу кезінде анықтады. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

14 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Шымкентте ұсталды
canva.com
Шымкент қалалық ПД мәліметінше, ел аумағында заңсыз жүріп-тұрған шетелдік ұзақ жылдар бойы қылмыстық қудалаудан жасырынып келген.
 
Оған қатысты ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін 2010 жылы ташкенттік құқық қорғаушылар тарапынан қылмыстық іс қозғалған.
 
ҚР көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін ер адамға ӘҚБтК-тің 517-бабына сәйкес шара қабылданды.

Ұсталған азамат өз еліне депортацияланды.