921

Шымкентте алимент төлеуден жалтарғандардың автокөліктері айыптұраққа қойылды

Баласының алдындағы берешегі барларды «Қорғау» жүйесі анықтап жатыр. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Шымкентте алимент төлеуден жалтарғандардың автокөліктері айыптұраққа қойылды
Polisia.kz
 

Үш көлік иесі ұзақ уақыт бойы балаларына тиеселі қаражатты төлемей келген. «Ravon» және «Toyota» жүргізушілерінің алимент бойынша берешегі әрқайсысында 2 миллион теңгені, ал «Daewoo» тізгіндеушісінің берешегі – 1 млн 300 мың теңгені құраған. Бейнебақылау инспекторлары құқықбұзушыларды ұстауға патрульдік полиция экипаждарын бағыттады.

«Борышкерлерге міндетті төлем туралы ескертілді. Алимент төлеуден жалтарған тұрғындардың көліктері айыппұл тұрағына қойылды», - деді Шымкент қаласы полиция департаментінің жедел басқару орталығының бастығы Асқар Алипбаев.