967

Алматылық депутатқа әдепсіз сөздері үшін айыппұл салынды

Мәслихат депутаты сессия кезіндегі сөзі үшін айыппұл арқалады.

Алматылық депутатқа әдепсіз сөздері үшін айыппұл салынды
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Тимур Елеусізовке 21 ақпанда қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында сөйлеген сөзінде әдепсіз сөздер айтқаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі жазды.

«Мен полиция басқармасына келіп, түсініктеме жаздым. Мені ұсақ бұзақылық жасағаным үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша жауапқа тартты. Жіберген қателіктер үшін толық жауап беру керек. Бұл заң алдында барлығының тең екендігінің жақсы үлгісі», – деді ол Instagram-дағы парақшасында.

Еске салайық, кеше Алматы қалалық мәслихаттың кезектен тыс XIV сессия өткен болатын.

Материал авторы