Қабірлерді қиратып жатыр: Маңғыстауда полиция вандалдардың заң алдында жауап беретінін ескертті

Аиса Махамбет Редактор
22.02.2024, 18:10
687
Қабірлерді қиратып жатыр: Маңғыстауда полиция вандалдардың заң алдында жауап беретінін ескертті mangystaumedia

Полиция Маңғыстау облысындағы православиелік зираттың бір бөлігін қиратқан күдіктілерді іздестіріп жатыр.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, қылмыс болған жерде бейнебақылау камералары болмағандықтан іздестіру жұмыстары қиынға соғуда. Осыған байланысты құқық қорғау органдары тұрғындарға вандализм үшін жауапкершілік барын ескертіп отыр. Бұл туралы mangystaumedia.kz жазды.

Облыстық полиция департаменті вандализмнің жолын кесу жұмыстары тұрақты жүргізіліп жатқанын атап, сонымен бірге мұндай құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтілгенін мәлімдеді.

– Вандализм, яғни тарихи-мәдени мұра нысандарын қирату немесе қоғамдық мүлікті қорлайтын өзге де іс-әрекеттер үшін 50-ден 100 АЕК-ке дейін айыппұл салу, 160 сағатқа дейінгі уақытқа қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 40 тәулікке дейінгі қамауға алу қарастырылған. Халықтың өтініші бойынша біз әрдайым тексерулер жүргіземіз, бірақ қоршаудың бір бөлігінің ұрланғаны анықтағаннан кейін, қайтыс болған адамның туыстары әрдайым полицияға жүгіне бермейді немесе ұзақ уақыттан кейін хабар береді. Бұл қылмыскерді іздеу жұмыстарын қиындата түседі, – деді Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің ресми өкілі Әйгерім Ибатуллаева. 

Маңғыстауда аталған үш зиратты күтіп ұстаумен "Алтын Нұр" ЖШС айналысады. Компания басшысы Нұржан Байнековтың айтуынша, қала зираттарында вандализм жағдайлары жылда қайталанып отыр. Оларға қылмыстық жауапкершілік те, қоғамдық айыптау да, ар-ұят сезімдері тоқтау бола алмай тұр.

Өткен жылы металл сатушылар әр түрлі қоршаулардың бөліктерін сындырып алып, темір қабылдау пунктіне өткізген. Алайда 2023 жылы мұндай жағдай туралы халықтан шағым түспеген. 

– Қазіргі уақытта зиратқа келушілердің қоқыстарын қалдырып кетуі негізгі мәселе болып тұр, – дейді Нұржан Байнеков. 

Соңғы жылдары Маңғыстауда вандализм деректері жиі кездесетіні байқалады. Мысалы, 2023 жылдың ақпанында бұзақылар Ақтау жағалауындағы балюстрадты (теңіз жағалауындағы қоршау) бұзып кеткен еді.

Қыруар қаржыға жасалған мемлекеттік мүліктер де вандалдардың назарынан тыс қалған емес. 2023 жылдың қарашасында Ақтауда жылы жағажай аумағында кәріз сорғы станциясының жабдықтары ұрланған. Сарапшылар шығын қазірдің өзінде 105 миллион теңге болғанын атады.

– Темір кейбіреулер үшін адам өмірінен де қымбат тұрады. Былтыр белгісіз біреулер жол апатының санын азайтуға арналған республикалық тас жолдар бойындағы қоршауды да ұрлап әкетті. Қазір орнатылған қоршаулардың жартысынан көбі бүлінген. Олардың бір бөлігі ұрланса, тағы бір бөлігі іске жарамсыз болып қалды, – деді “ҚазАвтоЖол” өкілдігі. 

Жақында Түпқараған шамшырағы (маяк) аумағында болған вандализм оқиғасы қоғам назарын аударды. 160 жылдық тарихы бар сәулет ескерткіш аумағы демалыс алаңына айналған. Демалушылар тарихи мұраны аяқасты етіп қана қоймай, соңынан қоқыс қалдырып, шашып кететіні тыйылмай тұр.

Психолог Наталья Петельганың айтуынша, вандализм әрекеттері әртүрлі себептер мен жеке нанымдар негізінде жасалады. Бірақ вандалдарды біріктіретін белгілі бір психологиялық профиль бар. Кәдімгі вандал - бұл әдетте жетілмеген тұлға, оның эмоциясы интеллект пен өзін-өзі басқарудан басым түседі. Көбінесе мұндай адамдарда ішкі мәдениет пен эмоционалдық интеллект жетіспейді. 

– Вандализм мен ар-ожданның бір біріне қатысы жоқ. Вандалдар бақтардағы гүлдерден бастап ойын алаңдары мен қабірлерге дейін бұзады. Ештеңеге қарамастан бәрін тып-типыл етеді. Жасөспірімдер мұны назар аудару үшін немесе зерігуден жасаса, ал ересек вандалдардың моральдық принциптері мүлдем жоқ. Айыппұлдар олардың мінез-құлқын өзгертпейді. Зақымданған заттарды қалпына келтіру үшін өтемақы талап ету оларды ойлануға мәжбүр етеді, –дейді психолог Наталья Петельга.

Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады