648

«Аяздың беті қайта ма?». Демалыс күндері ауа райы қандай болады

Ауа райы болжамы жарияланды.

«Аяздың беті қайта ма?». Демалыс күндері ауа райы қандай болады
el.kz

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» 24-26 ақпан аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады.

Еліміздің солтүстігінде аяздың беті қайтады. Еліміздің батысында антициклонның әсері сақталады, күн жауын-шашынсыз болады.

Болжам бойынша, республиканың қалған бөлігінде, атмосфералық фронттардың өтуімен еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашын көбіне қар түрінде жауады, тұман, көктайғақ болады. Еліміздің батысындағы температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Синоптиктердің болжауынша, ауа температурасы: республиканың солтүстігі мен орталығында түнде 22-35 ℃ аяздан 10-23 ℃ аязға дейін жоғарылайды; шығыста түнде 12-22 ℃ аяздан 23-38 ℃ аязға дейін төмендейді; оңтүстік және оңтүстік-шығыста 8-23 ℃ аязға дейін төмендейді.

Материал авторы