1543

«Мынадай қатыгездік бөбек жүрегіне қалай,қашан қонған?!» – Дана Нұржігіт балабақшадағы балалардың төбелесі туралы

Қатарластары аяусыз ұрып-соққан балаға қатысты журналист пікір білдірді.

«Мынадай қатыгездік бөбек жүрегіне қалай,қашан қонған?!» – Дана Нұржігіт балабақшадағы балалардың төбелесі туралы
коллаж smartnews.kz

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, журналист Дана Нұржігіт Алматыдағы мемлекеттік балабақшада 3 жасар сәбиді топтағы бірнеше бала аяусыз соққыға жыққанына байланысты пікір білдірді.

«Мынадай қатыгездік бөбек жүрегіне қалай,қашан қонған?!

Жан дауысы шыққан өзі сияқты баланы аяусыз теуіп, үсті-үстіне жұдырықтап жатқаны көргенін істегені…басқа не айтуға болады? Бала үлкеннің үлгісімен өседі емес пе?! Балалы үйде ұрлық жатпайды дейміз ғой, балалы үйде небір ата-аналар барын бала айтпаса да, әрекеті айшықтап береді.

Алматының 51-бөбек жайындағы мына оқиға қоғамды қатыгездік жайлаған, тіпті тамырлап кеткенін аңғартады. Отбасынадағы зорлық-зомбылықтың қандай деңгейге жеткенін көріп отырмыз. Үлкенді заңмен тоқтата алмай жатырмыз. Балаға не айтасың, ал?», – деп жазды журналист.

Айта кетейік, аталған іске қатысты қылмыстық іс қозғалды. Өз құрдастарынан жапа шеккен бүлдіршіннің жағдайы қазір орташа.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор