«Қайырымдылықты орынмен бағалау - ақымақтың ісі»: Ырысбала Назарбаев қорының байқауы туралы

Аиса Махамбет Редактор
24.02.2024, 14:46
1091
«Қайырымдылықты орынмен бағалау - ақымақтың ісі»: Ырысбала Назарбаев қорының байқауы туралы жеке Instagram парақшасынан

Блогер қайырымдылықты орын беру арқылы өлшеуге болмайтынын айтты.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, блогер, қайырымдылық жасап 100-ге жуық мұқтаж отбасыға баспана алып берген Ырысбала Икрамбай Тұңғыш Президент қоры ұйымдастыратын Республикалық Қайырымдылық керуені байқауына қатысты пікір білдірді.

«Тұңғыш Президент қоры жыл сайын Қайырымдылық керуені Республикалық байқауын ұйымдастырады екен,биыл алтыншы рет өткізіліп жатыр екен.

Әр өңірдің қайырымды іс жасаған жандарын жинап 1,2,3 орындар береді екен. Бір өкініштісі қайырымды істің бағасын Алладан басқа ешкім бере алмайтынын, кімнің қандай іс атқарып жатқанын көретін, бағасын беретін халықтан артық төреші, әділ қазы жоқ екенін осы 6 жылда бас көтеріп біреуі айтпапты. Біреуінің миына кіріп шықпапты. Қайырымды іс Алланың разылығы үшін,жүрек қалауымен жасалатынын бас басына би болған өңкей қиқымның түсінбейтініне таң қалдым. Есіл мемлекеттің ақшасы болашағы жоқ, пайдасыз істің қағаздағы жылдық есебі үшін көкке ұшып жатқан», - деді блогер.

Оның айтуынша, бұл байқауға блогердің қайырымдылық қорына 3 орын берген. Бірақ ол бұл жүлдеден бас тартты.

«Қайырымдылықты орынмен бағалау - ақымақтың ісі.

Сіздің жасап жүрген қайырымды ісіңіз мейірім жолында үшінші орын қола медаль дегенде төбе шашым тік тұрды,өздеріңе бұйырсын деп алмай кетіп қалдым. Менің бағамды беретін ХАЛЫҚ, сол медаль қадірімді асырсам, қадірімді ХАЛЫҚ білсе жеткілікті, кеудеме тақпасам кеудемді қадірсіздік кернеп кетпес.

Бірақ сол Тұңғыш Президент ірге тасын қалаған Алланың үйіне барып Жұмадағы дұғамызды алақан жайып сұрап,әдемі ғимараттың көркемдігіне көзіміз,көңіліміз толып қайттық. Хайырлысы!», - деді ол.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды