755

Африкалық бала «Қазақстан» шоколадының дәмін татып көрді

Блогер шоколад жеген баланы көрсетіп, әлемге паш етті.

Африкалық бала «Қазақстан» шоколадының дәмін татып көрді
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде жарияланған ролик 800 мыңға жуық қаралып жинап, мыңға жуық пікір қалдырылған. Бұл туралы El.kz ақпарат агенттігі жазды.

Блогер Әділет Рахметолла Африкаға аттанып, жергілікті балалардың біріне «Қазақстан» шоколадын тарту етті.

Бастапқыда бала сыйлыққа күмәндана қарағанымен, блогер тәттіні ашып көруге көндірді. Ал шоколадтың кішкентай бөлшегін тістеген соң баланың түрі өзгеріп, қуанып кеткенін көруге болады.

Блогердің сөзіне қарағанда, бала шоколадтың дәмін өмірінде алғаш рет татқан.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор