Жетісу облысында әкімге пародия жасаған блогерге айыппұл салынды

28.02.2024, 09:54
902
Жетісу облысында әкімге пародия жасаған блогерге айыппұл салынды бейнежазбадан

Жетісу облысында ауыл әкімі креслосында отырып видео түсірген блогер жауапқа тартылды.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр. Nege.kz сайтының мәліметінше, блогер халық одан әкім болуын сұрады дейді. Бірақ ол әкім болғысы келмейтінін, тек арасында келіп кетуге ниетті екенін айтады. 

«Халық әкім болуымды сұрайды. Болғым келмейді. Дос ретінде орнына отырып, тапсырма беріп, ақылды сөздер айтып бере аламын. Бірақ тұрақты түрде әкім болғым келмейді... Президенттен күрделі тапсырмалар келгенде, ол маған хабарласады. Өзімнің жеке жұмыстарымның бәрін тастап, осында келуіме тура келеді... Қашан демаламын демалатын уақыт жоқ», дейді блогер.

Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі мәліметінше, видеоның 20 ақпанда сағат 18:00 шамасында Қарабұлақ ауылында түсірілгені анықталды. Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің қызметтік кабинетінде болған тұрғын видео түсіріп, Instagram-ға жариялаған.

Бұл видеоға қатысты іс Талдықорған қаласының әкімшілік сотында қаралды. Видео 20 ақпан күні кешке Қарабұлақ ауылында түсірілгені белгілі болды.

«Г есімді ер адам Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің кеңсесінде видео түсіріп, Instagram желісінде басқаларға құрметсіздік көрсеткен», – деп мәлімдеді Жетісу сотының баспасөз қызметі.

Сот отырысында ер адам өз кінәсін мойындап, соттан оны қатаң жазаламауды сұрады. Оған 20 АЕК (73 мың 840 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)