Интернет арқылы бүйрегін сатпақ болған ақтөбелік 1,5 жылға сотталды

28.02.2024, 10:44
770
Интернет арқылы бүйрегін сатпақ болған ақтөбелік 1,5 жылға сотталды canva.com

Көкшетау қалалық сотында интернет арқылы өз бүйрегін сатпақшы болған ақтөбелікке қатысты қылмыстық іс қаралды.

 

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Сотта анықталғандай, Ақтөбе қаласының 25 жастағы тұрғыны өз бүйрегін сату бойынша заңсыз мәміле жасаған (ҚК 24-бабы 3-бөлігі, 116-бабы 1-бөлігі).

Ер адам әлеуметтік желіде өзінің ішкі органын келісімді бағамен сату жөнінде хабарландыру жариялаған. 

Ол шартты сатып алушымен мәміле жасасу кезінде ұсталды. 

Ақмола облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық іс сотталушының кінәсін мойындау туралы мәміле нысанында жасалған іс жүргізу келісімімен сотқа түсті.

«Жаза тағайындау кезінде сот оның шын жүректен өкінуін, сондай-ақ ауырлататын мән-жайдың жоқтығын ескерді. Сот үкімімен ер адамға шартты түрде 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталғанға пробациялық бақылау белгіленді. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ», — деді ведомстводан.

MNU Marathon: Астанада қайырымдылық жүгіру жарысы өтті Талдықорғанда қонақүй әкімшісін 12 жерінен пышақтап, өлтіріп кетті Дағыстанда белгілі әншіні жігіті табамен ұрып өлтірген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға шақырған белсенді қамауға алынды «Енді бесікке салыңдар»: Дубайда тұсауын кестірген әйел күлкіге қалды (ВИДЕО) Алматы облысында 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті Былтыр жазда жоғалып кеткен қария өлі күйінде табылды Алматының жаңа әкімі боп Дархан Сатыбалды тағайындалды «19 пойыз шығады»: Қытай Астанаға LRT пойыздарын тасымалдауды бастады Трамп Еуропаға қарсы салық енгізетін болды Димаш Virtuosos шоуының қазылар алқасы боп тағайындалды Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қызметінен босатты «4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды