Қазақстандық әйелге әлеуметтік желідегі видеосы үшін 664 мың теңге айыппұл салынды

29.02.2024, 10:09
965
Қазақстандық әйелге әлеуметтік желідегі видеосы үшін 664 мың теңге айыппұл салынды canva.com

Шығыс Қазақстан облысының тұрғынына Instagram желісіндегі жазбасы үшін айыппұл салынды.

Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлап отыр. 

Алтай аудандық сотының мәліметінше, әйел жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп танылған.

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны 2022 жылдың шілде айынан бері Алтай қаласындағы дәмханада аспаз болып жұмыс істеген. 2023 жылдың қарашасында дәмхана басшысы әйелді жұмыстан шығарып жіберген. Осыдан кейін бұрынғы қызметкер ашулы күйде Instagram парақшасында дәмхананың лас жағдайларда жұмыс істейтінін айтып видео жариялаған.

2024 жылдың қаңтарында дәмханада тексеру жүргізіліп, нәтижесінде видеода көрсетілген уәждер расталмаған және ешқандай заң бұзушылықтар анықталмаған. 

Сот отырысында азаматша өз кінәсін мойындап, әлеуметтік желідегі жазбасын өшіріп тастағанын айтты. Айыпталушы соттан өзіне әкімшілік айыппұл түріндегі жаза қолдануды сұрады.

Сот айыпталушыға 180 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (664 560 теңге) әкімшілік айыппұл салды. Сот жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, айыппұлды 30 пайызға азайтты. Нәтижесінде айыппұл көлемі 434 700 теңгені құрады.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады