«Жақын адамдарды ғана шақырдық»: Әли Оқапов ұлының тұсаукесер тойын өткізді

Аиса Махамбет Редактор
29.02.2024, 18:42
7530
«Жақын адамдарды ғана шақырдық»: Әли Оқапов ұлының тұсаукесер тойын өткізді бейнежазбадан алынған кадр

Танымал әншілер отбасы балаларының тұсаукесерін өткізді.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, танымал өнерлі отбасы Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай ұлдары Зейіннің 1 жасқа толу тойын жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

Халық әртісі Роза Рымбаева тұңғыш немересіне ән арнап, той шымылдығын ашты. 

“Бүгін көптен күткен тойымыз болады. Зейіннің 1 жасы мен тұсаукесер рәсімін жасаймыз. Ағайын-тума ғана болады. Үлкен той жасап, көп адамды шақырмадық. Өнердегі достарым музыка жағын көтереді. Қазір уақыт қымбат. Бірақ қонақтарымыз кешігіп жатыр. Кейін шақырған жерге кешікпейтін күн де келер. Қатты толқып тұрмын. Ерекше күнді әдейі таңдадық. Бізбен бірге болыңыздар”, – деді Әли Оқапов.

Сонымен қатар Зейіннің анасы, қобызшы, “Асыл” тобының солисі Ақерке Бүркітбай да ұлын құттықтады. 

“Құлыншағым! Алғашқы жеке мерекең құтты болсын! Денің сау, еркін, ақылды, саналы болып өсе бер! Біз сені әрдайым қолдаймыз және жақсы көреміз!”, – деп жазды өнер иесі. 

Зейіннің тұсауын елімізге белгілі актерлар Азамат Сатыбалды мен Дулыға Ақмолда кескен. 

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді