Maqsut Narikbayev University ТМД бойынша алғаш рет Британдық QAA аккредиттеуден өтті

29.02.2024, 19:15
1153
Maqsut Narikbayev University ТМД бойынша алғаш рет Британдық QAA аккредиттеуден өтті Maqsut Narikbayev University баспасөз қызметі

Қазақстандық ЖОО алғаш рет Британдық аккредиттеуден өтті.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Maqsut Narikbayev University - беделді британдық QAA агенттігімен аккредиттелген ТМД және Орталық Азиядағы алғашқы жоғары оқу орны атанды.

Ақпанның 29-ы күні Алматы қаласында Maqsut Narikbayev University-ге QAA институционалдық аккредиттеуден өткені туралы сертификат ресми түрде табысталды. Бұл аккредиттеу университеттің Британдық және халықаралық жоғары білім сапасының стандарттарына сәйкес келетіндігін растайды.

Quality Assurance Agency (QAA) – Ұлыбританияның Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі аккредиттеу агенттігі. Бұрын QAA сарапшыларымен сыртқы бағалаудан өткен жоғары оқу орындар қатарына Russel Group-ке кіретін Ұлыбританияның үздік университеттері, соның ішінде University of Oxford, University of Cambridge, King's College London және тағы да басқа оқу орындары кіреді (ескерту: Russel Group - Ұлыбританиядағы ең үздік университеттерді біріктіретін американдық Айви лигасының британдық баламасы). QAA сарапшылары ұлттық және аймақтық есептерді (reports) үнемі жариялап отыратын халықаралық жоғары білім беру талдаушылары. Осы агенттіктің стандарттарына сәйкестік - университеттің академиялық мәдениетінің жоғары деңгейін растайтын маңызды жетістік.

Бұл дегеніміз MNU түлектерінің дипломдары Ұлыбританияның үздік Жоғары оқу орындарының дипломдарымен қатар танылатынын білдіреді. Аталмыш аккредиттеуден өту кезінде жоғары оқу орнын басқару моделінің тиімділігіне, Академиялық адалдық қағидаттарына, студенттермен байланыс, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету тетіктерінің тиімділігіне ерекше назар аударылады.

«ТМД-да бірінші болып QAA Британдық аккредитациясын алған Maqsut Narikbayev University - өз мысалында Қазақстанда халықаралық деңгейге және жоғары білім сапасының жоғары стандарттарына сәйкес келетін университеттер бар екенін дәлелдей алды. Еліміздің басқа жоғары оқу орындары да Maqsut Narikbayev University жеткен сапа деңгейіне ұмтылуы тиіс. Бұл университет ағымдағы жетістіктерінде тоқталып қалмай, «кемелдікке шек жоқ» қағидаты бойынша әрекет ететінін атап өткім келеді», - деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Ал университеттің Басқарма төрағасы бұл аккредитация сапалы білімнің жемісі екенін айта кетті.

«Біздің университеттің басты миссиясы – сапалы білім беру арқылы Қазақстан халқына қызмет ету. Оқу ордамыздың халықаралық деңгейдегі тұрақты жетістіктері - біздің жоғары талаптарға берік екенімізді айғақтап, әлемдегі ең мықты университеттердің деңгейіне бір қадам жақындатады»,- деді MNU Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев.

Бұл аккредитация университеттің постаккредитациялық бақылаудан (mid-cyclereview) қанағаттанарлық нәтиже алу шартымен 5 жыл мерзімге жарамды. Университетке арнайы жекелендірілген QAA аккредиттеу белгісін қолдануға, оны ресми парақшаларда жариялауға және оны түлектердің дипломдарына орналастыруға ресми түрде рұқсат беріледі.

«QAA Maqsut Narikbayev University аккредиттеу үдерісінің сәтті аяқталуын қуанышпен құттықтайды. Біз Қазақстандағы әріптестерімізбен қуана жұмыс атқардық, болашақтағы ынтымақтастығымызды асыға күтетін боламыз», - деді QAA аккредиттеу және кеңес беру бөлімінің басшысы Крис Бланд.

Бұған дейін Maqsut Narikbayev University халықаралық институционалдық аккредиттеуден және FIBAA еуропалық агенттігінің білім беру бағдарламаларын аккредиттеуден өткен болатын.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр