«Қазақстанға көктем кеш келеді» – синоптиктер наурызға арналған болжам ұсынды

01.03.2024, 09:50
2208
«Қазақстанға көктем кеш келеді» – синоптиктер наурызға арналған болжам ұсынды ашық дереккөзден

Күн наурыздың екінші жартысы мен сәуір айының басында жылынады деп күтіледі.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, синоптиктер болжамынша биыл Қазақстанға көктем кеш келеді. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК жазды. 

Синоптиктердің ұзақ мерзімді болжамына сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде 2024 жылы көктемнің келуі күнтізбелік мерзімге қарағанда сәл кешірек күтіледі. Яғни наурыздың екінші жартысы мен сәуір айының басында күн жылынады деп күтіледі.

Ал оңтүстік өңірлерде Наурыз жылы күндермен басталады, бірақ содан кейін суық ауа райы қайта оралады - бірінші онкүндіктің соңында Қызылорда, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында қатты жаңбыр күтіледі. Ал Қазақстанның оңтүстігінің, оңтүстік-шығысының таулы аудандарында жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін.

"Наурызда, әдетте, синоптикалық процестердің қыстан көктемге ауысуына байланысты ауа райының жиі өзгеруі байқалады", - дейді синоптиктер.

Солтүстік облыстарда бір ай ішінде қыс мезгіліндей ауа райы суық болмақ. Атап айтқанда, қар, боран, жиі көктайғақ және тұман болады деп күтілуде. Ал кейбір күндері көктемгідей жылы болады.

Бірінші онкүндікте температура жоғарылайды деп болжанады:

елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнде -5...-17°С-тан -3...-8°С-қа дейін, күндіз -1...-7°С-тан -2...+3°С-қа дейін; 

елдің шығысында түнде -20...-35°С-тан -3...-13°С-қа дейін, күндіз -3...-12°С-тан -2...+5°С-қа дейін; 

елдің оңтүстік және оңтүстік-батыс аймақтарында түнде 0...-10°С-тан -3...+5°С-қа дейін, күндіз 0...+7°С-тан +7...+15°С-қа дейін, оңтүстікте +18°С-қа дейін. 

Екінші онкүндікте ауа температурасының ауытқуы күтіледі:

елдің солтүстік жартысында түнде -17...-27°С-тан -3...-13°С-қа дейін, күндіз -7...-12°С-тан -1...-6°С-қа дейін;

оңтүстік жартысында түнде 0...+10°С-тан -5...-15°С-қа дейін, күндіз +10...+20°С-тан 0...+8°С-қа дейін.

Бірақ көктемгідей жылы ауа райы айдың үшінші онкүндігінде орнығады: елдің солтүстік жартысында түнде -5...+3°C, күндіз +3...+13°C, оңтүстікте түнде +2...+10°C, күндіз +15...+21°C жылы болады деп болжанады.

Наурызда бір айдағы орташа ауа температурасы республиканың басым бөлігінде нормаға жуық, елдің оңтүстігінде 1°-қа жоғары болады деп күтілуде.

Наурыз айында жауын – шашын мөлшері Қазақстанның басым бөлігінде нормаға жуық, Шығыс Қазақстан облысында, Абай облысының шығыс жартысында, Павлодар және Жетісу облыстарының шығысында, Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында нормадан көп болады деп болжануда. 

«Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды «Алматының түндері-ай»: Қайрат Нұртас орындайтын әннің авторы туындының қалай хитке айналғанын айтты Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады