«Самсаның арасында тышқандар өріп жүр»: Семей базарындағы дүңгіршектің видеосы тарады

01.03.2024, 10:40
907
«Самсаның арасында тышқандар өріп жүр»: Семей базарындағы дүңгіршектің видеосы тарады бейнежазбадан алынған кадр

Семейде тағамын тышқан аралаған дүңгіршек жабылды.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, самса сататын жерді санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің өкілдері тексеріп, тазалық талаптарын сақтамаған кәсіпкерге әкімшілік хаттама толтырды. Бұл туралы КТК арнасы жазды. 

Әлеуметтік желіде таралған видео Семейдің орталығындағы базарда түсірілген. Онда самса сататын дүңгіршекте тышқандар жосып жүр.

Тіпті кеміргіштер адамнан да қорықпайды. Осы жағдайдан кейін самсахананы СЭС мамандары тексерген.

Тазалықтан жұрдай дәмхананың иесіне қомақты айыппұл салынып, дүңгіршек жабылды. Ал азық-түлігі толық жойылды.

"Іс әкімшілік сотқа жіберілді. Кәсіпкер әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес жауапқа тартылады. Жалыпы оған, талаптарды бұзғаны үшін 230 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу көзделген. Арнайы қаулы шығарылып, дүңгіршек жұмысын тоқтатты”, – дейді Абай облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің бөлім басшысы Әйгерім Мұсатаева.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды