«Жаным ашығаны-ай»: Жазира Байырбекова мейрамханаларға ат кіргізіп, той жасайтындарды сынға алды

Аиса Махамбет Редактор
01.03.2024, 13:43
1806
«Жаным ашығаны-ай»: Жазира Байырбекова мейрамханаларға ат кіргізіп, той жасайтындарды сынға алды жеке Instagram парақшасынан

Әнші жануарды қинайтын той иелеріне ренішін білдірді.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Жазира Байырбекова мейрамханаларға ат кіргізіп, той жасайтындарды сынға алды. Өнер иесінің айтуынша, жануарды қинап кіргізген сәтті көру өзіне аса ауыр тиеді.

Жазира Байырбекова соңғы кезде тұсаукесер мен сүндет тойлар жылқысыз өтпейтініне қынжылды. Ол Instagram парақшасында көпшілікке үндеу жасап, той иелеріне жануарларды қинамауға шақырды.

«Қаладағы 2 қабатты мейрамханаларға көтеріліп жүретін аттарға қарағанда, мына аттар бақыттырақ. Кеше Хамит досым ұлдарының сүндет тойында аттарды мейрамханаға кіргізбей, атпен жүретін рәсімді сыртта жасады. Жарайсың! Оңтүстікте сүндет той жасаса аттарды үлкен баспалдақтарға қинап мінгізіп, мейрамханаға кіргізіп жатқандарды көріп аттарға жаным ашығаны-ай», - деп жазды әнші.

Әншінің оқырмандары да оның пікіріне қостасып кетті.

«Атты қойып енді түйе кіргізіп жатыр», «Тойынғандық қой, еріккендік. Қалай халыққа әдемі көрінсек екен деп жануарды қинайды», «Оларға мақтаныш. Ат кіргізу, түйе кіргізу еш мәдениет жоқ нәрселер», «Жылқының ресторанға кіруін тек Шымкент жақтағылардан көрдік. Понт үшін киелі жануарды қинап, мақтаншақтық. Бір үлкен кісі айтпай ма, мыналарың енді артық деп, түсінбеймін», деп жазды оқырмандар. 

Ерке Есмаханның тұңғышы АҚШ-қа аттанды Трамп: «Мен Хаменейді масқара әрі ауыр өлімнен құтқардым» «Мен бәрін тоқтаттым»: Төреғали Төреәлі сахнадан кетті Иранда генералдар мен ядролық ғалымдар жерленді Ақтөбеде ер адам немересімен бірге суға батып кетті 5 жасар қыз баланы зорлаған 70 жастағы қария ұсталды Дәретханада қаза болған Мирас Мәлік оқыған мектептің директоры жұмысына қайта оралды Енді Америкада дүниеге келген сәбилерге автоматты түрде азаматтық берілмейді Алматыда тұрғындар көршісінің «балконнан боқ төгетінін» айтып шағымданды «Ерлі-зайыптының мәйіті табылды»: Ресей Одессаға соққы жасап, адамдар қаза тапты Үкімет Арқалықтағы жылу желілері жаңартуға 250 млн теңге бөлді Еуропа түгел отқа орануы мүмкін: Бірқатар елдерді бұрын-соңды болмаған аптап ыстық жайлады Қыз ұзатуға келген қонақтардың жаппай улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды Путин Украинамен келіссөздердің үшінші кезеңіне дайын екенін жеткізді Журналистерге Президент пәтер берді «Канада сес көрсетті»: Трамп Канадамен сауда келіссөздерін тоқтатты Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады? Досымжан Таңатаров мінген көліктің дөңгелегі тасжолда ұшып кеткен (ВИДЕО) Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр?