«Мен қатты қобалжыған кездесу»: Ырысбала қарттар үйіндегі қарияларға ас беріп, сыйлық таратты

01.03.2024, 19:10
812
«Мен қатты қобалжыған кездесу»: Ырысбала қарттар үйіндегі қарияларға ас беріп, сыйлық таратты коллаж smartnews.kz

«Әкемнің бір рет дидарын көру мәңгілік орындалмайтын арман мен үшін, бардың қадірін білмейтін жандар көп екеніне бүгін тағы көзім жетті» деді блогер.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, блогер, қайырымдылық жасап 100-ге жуық мұқтаж отбасыға баспана алып берген Ырысбала Икрамбай қарттар үйіндегі қарияларды жинап, оларға мейрамханада ас берді.

«Мен қатты қобалжыған кездесу! Тоғызыншы айналымда мүмкіндігі шектеулі балалар үйіне барып едім, балалардың керегін сол тоғызыншы айналымның қаражатынан алған едім. Ал онынышы айналымда қазыналы қарттарымыздың үйіне барғым келген, бірақ ата-апаларымыз бір серпіліп көңіл көтеріп қайтсыншы деп мейрамханаға дастархан жайып шақырдым, аталарымыздың иығына шапан жауып, тақия сыйға тарттым, апаларымызғада шапан мен орамал сый жасадық. Ойын ойнатып, сыйлық таратып, билеп, әндетіп кішігірім той болды.

Сауаптан жазылсын Ырысты армиям сіздерге! Әр айналымда міндетті түрде қайырымды іс жасаймыз. Алла бұл кісілерге денсаулық, ұзақ ғұмыр берсінші. Өзім дегені өзегінен тепсе де, өзіндей қамқорлық көрсетіп жүрген қарттар үйінің қызметкерлеріне де мың алғыс!

Әкемнің бір рет дидарын көру мәңгілік орындалмайтын арман мен үшін, бардың қадірін білмейтін жандар көп екеніне бүгін тағы көзім жетті… Әттең...» - деп жазды блогер.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды