Түркістан облысындағы алғашқы Coursera орталығы «Turkistan EdTech Lab» Yasawi University-де ашылды

02.03.2024, 12:12
1217
Түркістан облысындағы алғашқы Coursera орталығы «Turkistan EdTech Lab» Yasawi University-де ашылды gov.kz

«Turkistan EdTech Lab» Сoursera орталығының ашылу рәсімі өтті.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Қазақ тілі-ғылым тілі: дәстүр және инновация» симпозиумы аясында Түркістан облысында алғашқы «Turkistan EdTech Lab» Сoursera орталығының ашылу рәсімі өтті.

Жаңа орталықтың ашылуына жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, «Қазақ Тілі» халықаралық қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, университет ректоры Жанар Темірбекова.

«Coursera курстары – өңірлік 25 университеттің 20 000 студентіне қолжетімді. Қазірдің өзінде платформада қазақ және орыс тілдерінде 50-ден астам курстар бар. Бағдарлама қазақ тіліне локализацияланған 600 курсқа дейін кеңейтілуде. Алдағы үш жылда 100 000 қазақстандық студент пен қолданушы Coursera платформасын қолдана алады деп күтілуде», - деді министр.

Университет базасында құрылған Coursera орталығының мақсаты – Түркістан облысы бойынша Coursera курстарын насихаттап, тарату арқылы әр түрлі сала мамандары үшін біліктілікті арттыру орталығына айналу.

Сондай-ақ, «Turkistan EdTech Lab» орталығын таныстырған Рауан Кенжеханұлы орталықтың міндеті жаңа цифрлық технологияларды қолдану арқылы сапалы білім беруді арттыру екенін айтты. Әрі университеттің оқытушы-профессорлар құрамы және студенттері үшін білім мен дағдылардың қолжетімді болуын қамтамасыз ететінін тілге тиек етті.

Сонымен қатар, Coursera платформасын пайдаланушылар үшін қазақ тілінде жаңа дағдылар мен білімдердің қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында Yasawi университеті мен халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы арасында өзара серіктестік орнатылды.

Бұл орталық Ахмет Ясауи университетімен және Қазақстандағы «Coursera» білім беру платформасының эксклюзивті серіктесі «BMG UpSkill»-мен өзара ынтымақтастық туралы келісім негізінде құрылған. Қазіргі уақытта орталықта 360 оқытушы оқыса, курстардың жалпы саны – 650 құрайды.

«Министрліктің, университетіміздің бізге берген мүмкіндіктерінің арқасында бірнеше курстардан өткен оқытушы ретінде Coursera курстары бізге көптеген артықшылықтар береді, өйткені олар біздің дағдыларымызды, білімімізді және мансаптық перспективаларымызды арттыруға мүмкіндік береді. Мысалы, бұл платформа арқылы біз үнемі жаңартылып тұратын жоғары сапалы мазмұнға, мәліметтерге қол жеткізіп отырмыз. Себебі Coursera әлемнің жетекші университеттерімен және институттарымен серіктестік аясында әр саладағы үздік сарапшылар оқытатын сапалы курстарды ұсынады. Ең басты айта кететін жайт, Coursera курстары адамдарға салалық трендтерден хабардар болуға, жаңа дағдыларды алуға, үздіксіз кәсіби дамуға және мансаптық өсуге көмектесу үшін жасалған», - деп атап өтті стоматология факультетінің ғылым және тәрбие ісі жөніндегі декан, Зертханалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Нұрсұлтан Нұрдинов.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды