«Қарсыласының мойнын бұрап жіберді»: Елдос Сметов Ташкентте өтіп жатқан жарыстан шеттетілді

02.03.2024, 12:42
1815
«Қарсыласының мойнын бұрап жіберді»: Елдос Сметов Ташкентте өтіп жатқан жарыстан шеттетілді ашық дереккөзден

Дзюдошы тыйым салынған әдісті қолданған.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирінен шығып қалды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайты жазды.

Ширек финалда Елдос Сметов грузиялық дзюдошы Георгий Сардалашвилиге ескерту саны бойынша есе жіберді. Бас бапкер Нұрбол Сүлейменовтің айтуынша, ол қарсыласына тыйым салынған әдісті қолданғандықтан енді жұбаныш белдесуіне қатыса алмайды.

Елдос Сметов ширек финалда қарсыласының мойнын бұрап жіберді. Бұл әдіске дзюдода тыйым салынған, себебі, спортшының денсаулығына қауіп төндіреді. Сондықтан, төреші Сметовке "хансоку-маке" берді. Бұл ескертуден кейін спортшы жарысты жалғастыра алмайды. Елдостың жұбаныш белдесуіне қатыспау себебі осы. Жалпы, Елдостың дайындығы жаман емес. Жарақатының да беті бері қарап қалғандай. Ташкент турнирін жетінші орынмен аяқтап отыр, – деді бас бапкер. 

Айта кетейік, Grand Slam турнирінде бақ сынап жатқан қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова жартылай финалға шықты. Ол жарыс барысында Түркменстан, Израиль және АҚШ спортшыларын жеңді. Жартылай финалда Әбиба швециялық дзюдошы Тара Бабулфатпен кездеседі.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды