Думан Мұхаммедкәрімді азаптау бойынша іс басталды

Аиса Махамбет Редактор
02.03.2024, 19:38
2065
Думан Мұхаммедкәрімді азаптау бойынша іс басталды ulysmedia

Бұл туралы оның адвокаты Жалғас Сапарханова мәлімдеді.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Алматы облысының мамандандырылған прокуратурасы журналист Думан Мұхаммедкәрімнің тергеу изоляторында азапталуы байланысты іс қозғады. Бұл туралы Ulysmedia.kz жазды.

Журналист қылмыстық іс бойынша жәбірленуші деп танылды.

Айта кетейік, ол ұзақ уақыт бойы тергеу изоляторында болды.

"Жақында маған Алматы облысының арнайы прокуратурасы жүгінді. Думан Мұхаммедкәрімді азаптау бойынша шешім шығарылды. Іс қозғалды және Думан жәбірленуші деп танылды.

Біз азаптау ісі бойынша тергеу келесі аптада басталады деп күтеміз", - деді адвокат Сапарханова.

Думан Мұхаммедкәрім былтыр мәжіліс депутаттығына кандидатурасын ұсынған. Алайда оны кандидат ретінде тіркемеген.

Былтыр 19 наурызда өткен мәжіліс сайлауының нәтижесіне қарсылық білдіріп, жұртты жаппай митингіге шақырғаны үшін 25 тәулікке қамалды. Артынша, оны қамау мерзімі тағы ұзартылып, кейін үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады. Журналист бірнеше айдан бері түрмеде отыр. Бірнеше рет аштық жариялады.

Ол 2023 жылдың маусымынан бастап қамауда болды. Оған Мұхтар Әбіләзовпен сұхбаттан кейін "экстремизмді қаржыландырды" деген айып тағылған еді.

Қазақстандық құқық қорғаушылар журналисті «саяси тұтқындар» тізіміне енгізген.

MNU Marathon: Астанада қайырымдылық жүгіру жарысы өтті Талдықорғанда қонақүй әкімшісін 12 жерінен пышақтап, өлтіріп кетті Дағыстанда белгілі әншіні жігіті табамен ұрып өлтірген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға шақырған белсенді қамауға алынды «Енді бесікке салыңдар»: Дубайда тұсауын кестірген әйел күлкіге қалды (ВИДЕО) Алматы облысында 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті Былтыр жазда жоғалып кеткен қария өлі күйінде табылды Алматының жаңа әкімі боп Дархан Сатыбалды тағайындалды «19 пойыз шығады»: Қытай Астанаға LRT пойыздарын тасымалдауды бастады Трамп Еуропаға қарсы салық енгізетін болды Димаш Virtuosos шоуының қазылар алқасы боп тағайындалды Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қызметінен босатты «4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды