856

Алматыдағы жер сілкінісі: Президент тапсырма берді

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов президентке Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты ведомствоның атқарып жатқан жұмыстарын баяндады.

Алматыдағы жер сілкінісі: Президент тапсырма берді
Берік Уәлидің Facebook-тағы парақшасынан алынды

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

"Мемлекет басшысының тапсырмаларына негізделген іс-қимылдар алгоритмі өз деңгейінде орындалды. Қазір қаладағы жағдай қалыпты, барлық тиісті мекеме бекітілген жоспарға сәйкес жұмыс істеп жатыр", - делінген ақпаратта.

Президент министрге мегаполис тұрғындарының амандығын сақтау және Алматыдағы жағдайды бақылауды қамтамасыз ету үшін қала әкімі Ерболат Досаевпен, сондай-ақ қаладағы барлық жауапты мекемелермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді жалғастыруды тапсырды.

Айта кетейік, Алматыда бүгін сағат 11:22-де 5 балдық жер сілкінісі болды.