Алматыда жер сілкінісі кезінде такси бағасы 22 мыңнан асып кетті
Алматыда бүгін сағат 11:22-де болған жер сілкінісінен кейін қаладағы такси бағасы күрт өсіп, 10 балдық көлік кептелісі тіркелді.
Жерасты дүмпуінен кейін такси жүргізушілері қысқа қашықтың өзіне бағаны көтеріп жіберген. Мысалы, Медеу ауданынан Әуезов ауданына дейін такси бағасы 3 900-8 700 теңгені көрсетіп тұр.
Ал қаланың жоғарғы жағынан төмен жағына қарай жету үшін 4 700-7 560 теңге төлеуге тура келеді.
Сондай-ақ мекенжайыңыз Алматының сыртында болса, такси жүргізушілері қызметі үшін 12 830-22 440 теңге сұрайды.