Маңғыстауда қызды азаптап өлтірген күдікті сотталды

05.03.2024, 14:57
1008
Маңғыстауда қызды азаптап өлтірген күдікті сотталды meta-ratings.kz

Маңғыстаулық 21 жастағы Валерия Шальнованы азаптап өлтіріп, денесін каналға тастап кеткен күдіктіге Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үкім шығарды.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Сегіз айға созылған тергеуден соң Ақтау тұрғыны 22 жылға бас бостандығынан айрылды. Енді ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Алайда кінәлі өз айыбын мойындамай, марқұм суицид жасады деп отыр.

Қылмыстық іс бойынша марқұм Валерияның анасы Светлана Шальнованың өліміне қатысты әділ үкім шығарылғанын айтты. Ол істі тергеуге атсалысқан барша жанға алғысын білдірді. 

«Өткен жылы болған бұл оқиға қабырғамызды қайыстырып кетті. Содан бері біз тергеудің қалай аяқталатынын күтумен болдық. Осы ретте сот судьясы Досетова ханымға, Маңғыстау облысы прокурорының орынбасарына, қылмыстық полицияның жедел тергеу бөліміне, қорғаушыға қызымның өлімінің әділ тергеліп, лайықты үкім шығарылғанына септескені үшін алғысымды жеткізгім келеді. Айта кететін жайт, сот кезінде қызымды өлтірген күдікті өзінің қылмысын мүлдем мойындамады. Соттың үкімімен келіспеді. Одан бөлек, қылмыстық жауапкершіліктен қашып, қызымның суицид жасағанын айтты», - деді Светлана Шальнова.

Оның сөзінше, кісі өлімі қоғамда талқылауға түскен соң айыпкер жазадан құтыла алмаған.

«Сот оған қылмысы бойынша лайықты жаза кесті. Енді ол қатаң режимдегі колонияда 22 жыл жазасын өтейді. Осы жағдай біздің қайғымызға аз болса демеу болды», - деді марқұмның анасы.

22 жылға сотталған айыпталушы ҚР қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлімінің 3, 10-тармақшалары және 120-баптың 1 бөлімі бойынша жауапқа тартылды. Бұдан бөлек, қылмыстық істі тергеу кезінде кедергі келтіруге тырысқан құқық қорғау қызметкерлері тергелетін болады. 

Валерия Шальнованың мәйіті былтыр шілде айының басында Ақтау іргесіндегі каналдан табылған болатын. Іздестіру кезінде оқиғаға кінәлі күдікті бір күннен кейін табылып, ол қыздың бұрынғы жігіті екені анықталған.

«Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді «Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген «Қиямет қайым жақындады...»: Австралияда «Ақырзаман» балығы жағаға шығып қалды Ақтауда сапбордпен жүрген жасөспірімді ағыс теңізге алып кеткен Киев Мәскеуге депортацияланған балалардың тізімін тапсырды БҚО-да өрттен бір отбасының бес баласы көз жұмды «Жақсы әңгіме айттық»: Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті Трамптың атынан тағы бір заң: 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды Экология министрлігінде 8 қызметкер жемқорлық үшін сотталған Астанада шетелде жұмыс табуға көмектесетін орталық ашылды Бүгін елде ауа райы тұрақсыз болады