Kozybayev University: Астана оқушыларына Аризона университетінің жұмысы таныстырылды

06.03.2024, 13:56
805
Kozybayev University: Астана оқушыларына Аризона университетінің жұмысы таныстырылды gov.kz

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері Астана қаласы мектептерінің түлектерімен кездесті.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Жастар болашақ талапкерлерге Аризона Университетімен бірлескен қос дипломды бағдарлама бойынша оқу туралы айтты.

Kozybayev University-дің студенттері басқарма төрағасы – Ректордың міндетін атқарушы Рената Апергеновамен бірге және жоғарғы оқу орнының қызметкерлерімен бірнеше мектептің 11 сынып оқушыларымен әңгімелесті.

Олардың бірі – Әлихан Бөкейхан атындағы Binom мектебі. Ондағы оқушылар Солтүстік Қазақстан университетіне үлкен қызығушылықтарын білдіріп, өздерін толғандыратын сұрақтар қойды және олардың арасында жоғарғы оқу орнына түсуді қарастырғандар да бар.

«Бүгін біздің мектепке келген Kozybayev University өкілдері маған қатты ұнады. Әсіресе бізге берілетін Аризонаға бару мүмкіндігі. Сонымен қатар маған Қытай, Польша, Германиядағы тәжірибе жайлы қызықты болды. Бұл бағдарламаның қолжетімді болуы керемет. Оған қоса менің анам бұрын Петропавлда тұрғандықтан, мен үшін аймақ пен жоғарғы оқу орнының осылайша дамуы маңызды», - деп Әлихан Бөкейхан атындағы Binom мектебінің 11 сынып оқушысы Талғат Кенжебаев өз ойымен бөлісті.

Оқушылар ҰБТ тапсыру, гранттар және Аризона университетімен бірлескен қос дипломды білім беру бағдарламасының мүмкіндіктері жайлы сұрақтар қойды. Кездесуде Солтүстік Қазақстан университеті атынан екінші курс студенті Әмір Ағзамов болды. Ол биотехнология мамандығы бойынша оқиды және бұл бағдарлама болашақ мамандардың қызметінің көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік береді деп есептейді.

«Бұл керемет, қызықты бағдарлама және оған үлкен үміт артылып отыр. Менің ойымша, төрт жыл ішінде екі диплом алу идеясы үлкен тиімділікті білдіреді. Ал бұл уақытта басқа студенттер бакалавриаттың төрт жылы ішінде бір диплом алады. Біз ағылшын тілінде оқимыз. Осылайша студенттер тек шет тілін біліп қана қоймай, сонымен бірге халықаралық аренада өз саласы бойынша кәсіпқой маман бола алады. Біздің дүниежүзі бойынша адамдармен байланыс орнатуға, олармен әртүрлі тақырыптар бойынша пікірталас жүргізуге және ғылыми зерттемелерге қатысуға мүмкіндігіміз бар. Менің мамандығым бойынша бізде көп кездесулер өткізіледі, әсіресе Аризонадағы куратор – Саманта Уорчермен. Мен онымен үнемі хат, zoom конференция арқылы сөйлесемін және олар бізге келеді. Бұл бағдарлама жаһандық ғылыми қауымдастықпен араласуға, сонымен қатар сана мен ойлаудың шекараларын кеңейтуге мүмкіндік береді», - деп Әмір Ағзамов ойымен бөлісті.

Айта кетейік, Жоғарғы оқу орнының кәсіби бағдарлау жұмысының тобы ақпан айы бойынша барлығы шамамен 10 мың мектеп түлектерін қамти алды. Естеріңізге сала кетейік. 2022 жылы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің Аризона университетімен бірлескен қос дипломды бағдарламасы іске қосылғанын атап өткен жөн.

Оқу аяқталған соң жастарға екі диплом беріледі – қазақстандық және американдық. Бүгінгі таңда университет осы бағдарламаның үш бағыты бойынша құжат қабылдайды: биотехнология, ақпараттық технологиялар және инклюзивті білім беру.

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды