«Мәселе пәктікті анықтауда тұрған жоқ». Саясат Нұрбек «пәк қыздар тізіміне» қатысты пікір білдірді

06.03.2024, 14:35
931
«Мәселе пәктікті анықтауда тұрған жоқ». Саясат Нұрбек «пәк қыздар тізіміне» қатысты пікір білдірді El.kz/Арман МҰХАТОВ

Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек тізімде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің медициналық деректерінде гинекологқа қаралған-қаралмаған мәселелері жазылғандығын айтты.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

EL.kz ақпарат агенттігі мәліметінше, мәжіліс кулуарында министр бұл оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатқандығын, оның ішінде құқық қорғау органдарын тарта отырып, сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

Медициналық орталық қызметкері студент қыздарға арналған қосымша медициналық ақпарат бар жолдарды құжаттан алып тастамастан, деканат қызметкеріне жолдаған. Ондағылар мұны алып тастау керегін білмеген. Тізімді алған соң, куратормен бірге бүкіл деканатқа «осы студенттердің флюрографиядан өтуін қадағалаңдар» деген өтінішпен таратқан. Осы жерде "Неліктен пәктікті анықтау үшін тексеру жүргізілді?" деген сұрақ туындайды. Шын мәнінде, бұл белгіленген студенттер маманның, гинекологтың тексеруінен өткен не өтпеген студенттер. Яғни, мәселе пәктікті анықтауда тұрған жоқ, тек гинекологтың тексеруінен өту қажет болған. Олар мұны медициналық түрде өздерінің тізімінде белгілеген. Яғни, бұл жерде бірден екі қате болып отыр. Медициналық орталық мұндай форматта ақпаратты жібермеуі керек еді, деканат та оларды тексеруі керек еді, - деді министр.

Журналистердің университет медициналық орталықтан «вирго» мәртебесі туралы мәліметтерді не үшін талап еткені туралы сұрағына министр жауап бере алмады. Тергеу нәтижелерін күтуді ұсынды.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады