Ақтөбеде жол апатынан көлікте мектеп оқушылары тірідей жанып кетті

06.03.2024, 15:10
1049
Ақтөбеде жол апатынан көлікте мектеп оқушылары тірідей жанып кетті Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасы

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданына қарасты Сағашилі ауылының тұсында жол апаты орын алып, 8 адам көз жұмды.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Бүгін таңғы сегіз жарым шамасында Toyota Hilux және LADA Largus автокөліктері соқтығысқан. LADA Largus көлігі жанып кеткен. Ақтөбе әкімдігі жол апатынан 8 адамның қаза тапқанын растады. Оның төртеуі – бала. 

Қаза тапқандардың бәрі LADA Largus маркалы көлігінде болған. Жанып кеткен мүрделерді сараптамасыз анықтау мүмкін емес. Апатқа ұшыраған LADA Largus көлігін Темір ауданындағы Кеңқияқ ауылының тұрғыны жүргізген. Қаза болған сегіз адамның бірі – LADA Largus көлігінің жүргізушісі.

"Ол – Ақтөбе мен Кеңқияқтың арасына екі мың теңгеден ақы алатын қанағатшыл таксистің бірі еді", – дейді ауылдастары.

Жол апатынан кейін өртеніп кеткен көлікте Кеңқияқпен іргелес Саркөл ауылының бес тұрғыны болған. Саркөлдік ер адам 12 жастағы ұлымен бірге, ал егде әйел төртінші және алтыншы сыныпта оқитын екі немересімен бірге қаза тапты.

"Саркөлдің тұрғыны жиен қыздарын Ақтөбеге дәрігерге көрсетуге алып бара жатқан. Ер адам жолға 12 жасар ұлын алып, жеке шаруасымен шыққан", – дейді Темір ауданы Саркөл ауылының әкімі Мәди Сүйіншалин.

 

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады