"Екеуі – бір үйдің баласы": Ақтөбе облысындағы жантүршігерлік жол апаты туралы жаңа дерек шықты

06.03.2024, 16:28
1532
"Екеуі – бір үйдің баласы": Ақтөбе облысындағы жантүршігерлік жол апаты туралы жаңа дерек шықты aikyn.kz

Ақтөбе облыстық Білім басқармасы мәліметінше, қаза тапқандардың арасында 4 оқушы болған.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Massaget.kz мәліметінше, Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқандар арасында оқушылар да бар. Бұл туралы өңірдің Білім басқармасы өкілдері айтты.

Ақтөбе облыстық Білім басқармасы мәліметінше, қаза тапқандардың арасында 4 оқушы болған.

"Жол апатына ұшыраған азаматтардың, балалардың қазасына көңіл айтамыз, қайғысына ортақпыз. Қаза тапқандардың арасында кәмелет жасына толмаған 4 бала бар. Денсаулығына, отбасылық себептерге байланысты жеке сапарға шыққан", – деп жауап берді ведомство өкілдері Massaget.kz-ке.

Білім басқармасы мәліметіне сүйенсек, көз жұмған 4 баланың екеуі – бір үйдің балалары. Олар 4 және 6-сынып оқушылары болған. Ал қалған екі оқушының бірі 6-сыныпта оқыса, біреуі даярлық тобына барып жүрген.

Құзырлы орган қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болып, 8 адам қаза тапқаны хабарланды. Ақтөбе-Астрахань тасжолында екі жеңіл автокөлік соқтығысқан. 

"Тергеу аясында жол апатының себептерін және қаза тапқандардың жеке басын анықтау бойынша іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр", – деп жазылған ведомство хабарламасында.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады