Қарағандыда соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі 5 млн теңге өтемақы талап етті

07.03.2024, 09:20
2892
Қарағандыда соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі 5 млн теңге өтемақы талап етті Бейнежазбадан

Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаевқа қатысты сот басталды.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

КТК арнасының мәліметінше, іс бұзақылық бабы бойынша қаралып жатыр. Зардап шеккен азамат моральдық және материалдық шығынды өтеуге 5 миллион талап етіп азаматтық арыз түсірген. 

36 жастағы Нұрболат Дәкебаев жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жықты. Шақыртуға келген бригаданың көлігі подьездің алдын көлегейлеп, жүргіншілер жолын жауып тастаған. Ескерту жасамақ болған жүргізуші қөліктен шығып, күдіктімен дауласқан көрінеді.

Ақыры таяқ жеп жатқанын фельдшер тастапаға түсіріп алыпты. Аталған видео желіге тараған соң, күдікті бой тасалаған. Бірнеше күннен кейін қыстақтан ұсталған соң, жүргізуші оны кешіретінін мәлімдеген. Күдікті тергеу мен сот кезінде тергеу абақтысында болады. Сотта бетперде тағып, өзін еркін ұстап отырды.

Ал зардап шеккен жүргізуші алған жарақаттары ауыр екенін растау үшін қосымша сараптама жүргізуді сұрап отыр. Сонымен қатар моральдық және материалдық шығын ретінде 5 миллион теңге талап етіп, адвокат та жалдаған.

Бағдат Хасенов, адвокат:

- Бейнежазбада Нұрболатты кешірем дегені оның жеке шаруасы, ол адам ретінде рухани тұрғыда кешірдім дегені. Ал денсаулығына келген залалды өтеу - бөлек әңгіме. Оның мұрнына екінші рет ота жасалады. Яғни соққы өте ауыр болған.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады