«Қомақты қаражат ұсынды»: Аша Матай «Қалаулым» бағдарламасының құпиясын ашты

Аиса Махамбет Редактор
07.03.2024, 18:31
4824
«Қомақты қаражат ұсынды»: Аша Матай «Қалаулым» бағдарламасының құпиясын ашты бейнежазбадан алынған кадр

Танымал әнші, актриса, тележүргізуші Аша Матай атышулы бағдарламаның ел білмейтін құпиясын ашты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, өнер иесі – қоғам наразылығын тудырған «Қалаулым» бағдарламасының экс жүргізушісі. 

«Атышулы бағдарламаға дейін атым шығып, ел танып жатты. «Аша Матай» брендінің танылғанына – 20 жыл. Түрлі отандық арналарда жұмыс істедім. «Бір болайық» пен «Қосылайыққа» да жүргізуші болуға ұсыныс түсті. Бірақ бас тарттым. Өйткені әр жұмыстың өзінің шығар биігі болады. Мен «Қалаулымда» сол биікке көтерілдім. Мақсатым орындалды. Одан кейін қайтып барып, сүйкімімді кетіргім келген жоқ. Ол жобаны жақсы көремін, әріптестерімді сыйлаймын. Кішкентай балам секілді. Қатысушылармен де қарым-қатынасымыз жақсы. Өздерің де естіген боларсыздар, қаншама қоғамда наразылық тудырды. Маған неше түрлі сөз айтылды. Оның бәрін көтеру оңай емес. Тіпті, өнерде сыйласып жүрген аға-әпкелерім де мені жамандады. Бір жолыққанымызда «Саған емес, бағдарламаға қарсымыз» деп ақталды. Ал ол бағдарламада да менің қолтаңбам бар еді. Бәрі өткен уақыттың еншісінде қалды», – деп жауап берді өнер иесі.

Тележүргізушінің айтуынша, атышулы бағдарламаның ел білмейтін құпиясы көп көрінеді. Тіпті, бандиттер келіп, редакция қызметкерлеріне қоқан-лоққы көрсеткен.

“Бағдарламаны жүргізбеуім үшін қомақты қаражат ұсынған кісілер де болды. Қанша қаражат екенін айтпай-ақ қояйын. Сол кезде өте көп сумма. Бір жағынан сол үшін де жобаны жүргізудің қажеті жоғын түсіндім. Бір емес, бірнеше рет жүргізушіліктен бас тарту туралы әңгіме қозғалды. “Сенің орныңа басқа жүргізуші таптық, егер келісең ақша береміз, рақметімізді айтамыз” деді. Тікелей эфир жүріп жатқанда бандиттер кіріп келіп, редакция қызметкерлерімен төбелескен. Жедел жәрдем келіп, алып кеткен де шығарылым болған. Бәрі шынайы еді. Ал жұрт оған сенбейді”, – деп ағынан жарылды өнер иесі.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр