«Оныншы сәбиін күтіп отыр»: Алматы облысында полицей 9 қыз тәрбиелеп отыр

07.03.2024, 20:24
2921
«Оныншы сәбиін күтіп отыр»: Алматы облысында полицей 9 қыз тәрбиелеп отыр бейнежазбадан алынған кадр

Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы қызметін атқаратын майор шеніндегі жігіт ағасының үлкен қызы 9-сыныпта оқыса, ең кішісі 4 айлық. Бұл туралы 24.kz арнасы жазды.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Алматы облысының Балқаш ауданында тоғыз қыз тәрбиелеп отырған полиция қызметкері тұрады. Жазира Маңғытайқызы екеуінің отау құрғанына биыл 17 жыл болады, олар оныншы перзентін күтіп отыр. 

Телеарна мәліметінше, жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы қызметін атқаратын майор шеніндегі жігіт ағасының үлкен қызы 9-сыныпта оқыса, ең кішісі 4 айлық. Жұбайы екеуі оныншы перзентін күтіп жүр. 2008 жылдан бері құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін Азамат Абдрахманов зайыбы Жазира Маңғытайқызы екеуінің отау құрғанына биыл 17 жыл болды. Ақнұр, Гүлнұр, Кәусар, Жасмин, Айару, Томирис, Адина, Медина, Даяна есімді қыздары қыр гүліндей жайқалып өсіп келеді. Азамат 8 наурызда ешқайсысын бөліп-жармай, бәріне сыйлық әзірлейді екен.

«10 сыйлық алу оңай ма?! 10 сыйлық алып береді бәрімізге, ешкімді бөлмейді. Қыздарының бәрін бірдей жақсы көреді. Бірдей бәріне мейірімділікпен қарайды", – дейді Азаматтың жары Жазира Малғаждарова. "Әрине, бақыттымын. 9 қыздың әкесі болу – бақыт. Енді алға қойған мақсатымыз бар, ұл болса екен деймін, ұрпақ керек. Қыз деген негізі, көбі айтушы еді, көзіміз жетіп отыр, жақсы екен. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен, Қазақстан халқы әйелдерінің бәрін құттықтаймыз», – деді Балқаш аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Азамат Абдрахманов.

Азамат Асқарұлы Алматыда 10 жылдай тәжірибе жинап, 2014 жылы өзінің туып -өскен ауылы Бақанасқа ауысты. Аудан халқы оны жақсы таниды. Майор шеніндегі полиция қызметкерін әріптестері де мақтан тұтады. «Қызметтесіміздің абырой биігінен құлап көрген кезі жоқ», – дейді олар.

«Жеке қасиеті бойынша айтатын болсақ, жұмысына тиянақты. Үйіне үлгілі әке. 9 қыздың әкесі бола тұра, жұмыс өміріне белсенді қатысып, қылмысты жеке ізімен анықтау барысына әрдайым атсалысып отырады», – дейді Балқаш аудандық полиция бөлімінің бастығы Айдар Омаров.

Азамат пен Жазира бүгінде оныншы перзентін күтіп жүр. Екеуі де ұл болады деген үмітте.

«Осы күнгі жастар дәрігерге көрініп, балаларының жынысын алдын ала біліп алуға құмар. Алланың бергеніне күпірлік қылу – бізге жат қылық. Түсіне білген жанға қыз – кең өріс. Сондықтан еліміздегі аналар мен қыз-келіншектерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!», – дейді олар.

MNU Marathon: Астанада қайырымдылық жүгіру жарысы өтті Талдықорғанда қонақүй әкімшісін 12 жерінен пышақтап, өлтіріп кетті Дағыстанда белгілі әншіні жігіті табамен ұрып өлтірген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға шақырған белсенді қамауға алынды «Енді бесікке салыңдар»: Дубайда тұсауын кестірген әйел күлкіге қалды (ВИДЕО) Алматы облысында 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті Былтыр жазда жоғалып кеткен қария өлі күйінде табылды Алматының жаңа әкімі боп Дархан Сатыбалды тағайындалды «19 пойыз шығады»: Қытай Астанаға LRT пойыздарын тасымалдауды бастады Трамп Еуропаға қарсы салық енгізетін болды Димаш Virtuosos шоуының қазылар алқасы боп тағайындалды Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қызметінен босатты «4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды