11432

Қара бетперде таққан жігіт ата-анасымен сөйлесуден басқа арманы жоқ 11 жастағы қызға үміт сыйлады

Қара бетперде таққан жігіт тағы бір отбасыны қуантты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Қара бетперде таққан жігіт ата-анасымен сөйлесуден басқа арманы жоқ 11 жастағы қызға үміт сыйлады
ашық дереккөзден

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, бұл жолы қара бетперде таққан жігіт дүкеннен азын-аулақ азық-түлік алып, үйіне бет алған баланың алдынан шықты. 

Аяулымның жаcы 11-де, ата-анасы мылқау, мүгедек.

«Ата-анам кішкентай кезінен бері сөйлемейді, мүгедек. Біз осы үйді жалға алып тұрамыз. Моншаға барып жуынамыз. Өйткені бізде жуынатын жерлер жоқ. Менің әкем - «фасовщик», анам - «тігінші», – дейді ол.

Аяулымның арманын естігенде көпшіліктің көзіне жас келері анық. Өйткені ол «ата-анасымен сөйлескісі келеді». Оған «басқа ештеңе керек емес».

«Аяулым, қарындасым, сенің бұйырса, ата-анаң емге барады және сіздер үйлі боласыздар», – деді қара бетперде таққан жігіт.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор