Шавкат Рахмоновтың қарындасы UFC-ден ұсыныс келіп түскенін айтты

Аиса Махамбет Редактор
08.03.2024, 16:15
901
Шавкат Рахмоновтың қарындасы UFC-ден ұсыныс келіп түскенін айтты жеке Instagram парақшасынан

Ол бұған дейін 3 рет чемпион атанған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, аралас жекпе-жек (ММА) бойынша қазақстандық спортшы Сора Рахмонова Ultimate Fighting Championship (UFC) оған келісімшарт ұсынып жатқанын айтты. Бұл туралы Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жазды.

UFC спортшысы Шавкат Рахмоновтың қарындасы қоян-қолтық күрестен үш мәрте әлем чемпионы атанды. Кәсіпқой ММА-да ол төрт жеңіске жетіп, бір рет жеңіліс тапты.

"Қыркүйекте Dana White Contender турниріне қатысуым керек еді, бірақ жарақатыма байланысты жекпе-жектен бас тартуға тура келді. Дегенмен UFC келісімшарт ұсынып жатыр, құдай қаласа, сонда жекпе-жек өткіземін. Бірақ қазір мен үшін өмірімдегі ең маңызды нәрсе – бұл отбасы", – деді Рахмонова. 

25 жастағы спортшы соңғы рет былтыр мамырда ресми жекпе-жек өткізген болатын. Кейін ол Naiza FC турнирінде Валерия Карыгинаны нокаутқа түсірді. Ал қарашаның соңында Рахмонова тұрмысқа шықты.

«Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты Баян Мақсатқызы алғаш рет қыздарының түрін көрсетті (ФОТО) «300 миллион теңге»: Мөлдір Әуелбекова әншілерге қатысты шындықты жайып салды Өзбекстан азаматтарынан 5 келі насыбай тәркіленді Ақтауда мойны терең жараланған тірі итбалық табылды Шерзаттың сотында прокурор екі куәгер қызды тексеруді сұрады Германия басшысы Нетаньяхуға Газа секторына гуманитарлық көмекті күшейтуді ұсынды Отандық әнші 20 жыл бұрын күйеуі шетелге алып кеткен ұлын еске алып жылап қалды (ВИДЕО) Сақинасын шеше алмаған әйел құтқарушыларды шақырған Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған