SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде науқастардың артынан, бүйірінен теуіп емдеп жатқан емшінің видеосы талқыға түсті. Бұл туралы Ахметбек Нұрсиланың фейсбуктегі парақшасында жазды.
"Грыжамен ауыратындарыңыз бар ма? Мына емшілердің контактілерін тауып берейін бе?", деп жазды.
Бұған қатысты қызу талқы көбейді.
"Осыған тепкізіп жүргендерде есектің миындай ми жоқ. Есек те бір тепсең өзіңді бір тебеді", "Әй, қазақтар емес шығар!? Қазақ қоғамында әйелге аяқ жұмсамаушы еді ғой", Надандық деген осы", деп оқырмандар бұлай жасап жүргендер қазақтар емес екенін айтып болжады.
Айта кетейік, видеодағы көрініс қай жақта, қай ұлт екені беймәлім.