Психолог күйеуіне тоқал әперетін әйелдерді сынады (видео)

Аиса Махамбет Редактор
10.03.2024, 12:12
957
Психолог күйеуіне тоқал әперетін әйелдерді сынады (видео) бейнежазбадан алынған кадр

Оның айтуынша, мұндай әрекетке баратын әйелдер өзін төмен санайды, қадір-қасиетін жоғалтып алған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, кейінгі кезде күйеуінің туған күніне тоқал «сыйлайтын» әйелдердің саны көбейген. Олар видеосын әлеуметтік желіге жариялап, оқырман назарын аударады. Бұл туралы Aikyn.kz жазды.

Психолог Ержан Мырзабаев Instagram-дағы парақшасында осы жайтқа қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, мұндай әрекетке баратын әйелдер өзін төмен санайды, бағаламайды.

«Күйеуіне тоқал әперетін әйелдің өзін-өзі бағалауы төмен деп айтуға болады. Яғни өзін плинтустан да төмен санайтын, қасиет-қадірін жоғалтып алған әйел. Екіншіден, күйеуін соншалықты жек көретін әйелдер осындай қадамға барады. Күйеуін қаламағандықтан басқа әйел тауып беріп, құтылғысы келеді. Әйтеуір, асқа, тойға барғанда ғана жүріп, ақшасын алып, емін-еркін өмір сүруді қалайтындар. Бұл жерде күйеуі әйелінің тоқал алып бергеніне мәз болмай, өкіну керек. Демек, әйелі күйеуін сүймейді, бірге болғысы келмейді деген сөз ғой. Әйтпесе, дені сау, психикасы дұрыс әйелде сүйген адамыңды бөлісу, беру деген жоқ», – дейді психолог.

Оның айтуынша, бұған екі себеп бар: әйел өзін төмен санайды немесе күйеуі оңбаған.

Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО)