Шымкентте гүл ұрлап аты шыққан экс-полицейдің басы тағы да дауға қалды

11.03.2024, 12:51
990
Шымкентте гүл ұрлап аты шыққан экс-полицейдің басы тағы да дауға қалды Бейнежазбадан

Әлеуметтік желіде Шымкенттегі дәмханалардың бірінде әйелдің телефонын тартып алып, қайтарудан бас тартқан ер адамның видеосы тарады.

Телефонын мас ер адамнан ала алмайтынын түсінген әйел жанындағылардан көмек сұрайды. Сөз арасында сыра ішіп отырған ер адамның былтыр 8 мамырда гүл сататын дүкеннен гүл ұрлаған экс-полицей екені белгілі болды. Полиция болған жағдайға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан әйелдің ер адамнан әлденені ала алмай жатқанын байқауға болады. “Тұр, менің телефонымды бер. Телефонымды әкел, хабарлама келіп жатыр” дейді әйел. Еркекке күші жетпейтінін түсінген ол басқа үстелде отырғандардан көмек сұрайды. 

“Мына кісіні айтып жатыр ма едіңдер? Ішкеніне төлеп алсын. Менің телефонымды кепілге тастамақ. Жақсылап телефонға түсірші. Сол гүлге ақша төлей алмайтын жігіт қой”, – дейді әйел.

Ер адамдардың әйелге араша түсіп, телефонын қайтарып беруін талап еткеніне қарамастан, ол өзінде ешқандай телефон жоқ екенін айтып, жанына ешкімді жолатпай қойды. Көмекке келгендердің бірі ер адамның қолындағы телефонды алып беріп еді, әйел бұл өзінің телефоны емес екенін, оны ер адам жасырып отырғанын айтты. 

“Менің телефоным, соны ала сал. Саған сыйладым. Менде телефон жоқ, көлікте”, – дейді ер адам.

Видеодан әйелдің телефонын қайтарып беруге көмектескендердің бірі міз бақпай сыра ішіп отырған ер адамның жағасынан алып жатқанын көруге болады. Болған жағдайға қатысты Шымкент қаласының полиция департаменті пікір білдірді.

“Аталған дерек бойынша полицияға ешқандай арыз-шағым түспеді. Оқиғаның мән-жайын білу үшін қазіргі кезде видеодағы азаматтардың кім екенін анықтап жатырмыз”, – деп мәлімдеді полиция басқармасындағылар.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді