«Жұрт мені «есі дұрыс емес» деп ойлайды»: Әсел Асқар басынан өткен ауыр күндерді қалай еңсергенін айтып берді

Аиса Махамбет Редактор
14.03.2024, 18:34
2082
«Жұрт мені «есі дұрыс емес» деп ойлайды»: Әсел Асқар басынан өткен ауыр күндерді қалай еңсергенін айтып берді жеке парақшасынан

Танымал актриса Әсел Асқар өзін жігерлендіретін жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жақында өнер иесі 6 айлық ұлынан айырылып қалған еді. 

“Мен соншама еңбектеніп жатырмын, күн демей түн демей. Бар күшімді салып, өзімді аямай, тырмысып жатырмын. Көріп тұрғандай, ішпеймін, қыдырмаймын, еркектермен жұғыспаймын, ақшамды адалынан табуға тырысып жатырмын. Өмірден мені түңілтсеңде, сынағыңнан абыроймен өтіп жатырмын деп ойлаймын. Күлуге шамам жоқ болса да, езуімнен күлкіні сығып жатырмын. Елдің көзінше сол үшін есі дұрыс емес адам сияқты көрініп жүрмін. Бірақ сондада мойымай алға қарай еңбектеніп ұмтылып жатырмын. Сол үшін, осыншама менің бойымдағы қасиеттерге түрлі жобаларды үйіп-төге берші. Артық деп көрме!  Мен кесірленбеймін! Қуана-қуана қабылдаймын. Серт берем!”, – деп жазды өнер иесі. 

Сонымен қатар, актриса біраз уақыт бұрын өзін сөзбен мұқатқан жанды кездестіргенін айтты. 

"Бүгін сауда орталығынан бір адамды көріп қалдым. Кезінде көкірегін ұрып, "Барлығы мендей болып алсын" деп айқайлайтын. "Сен жай ғана блогерсің. Маған жету қайда?" деген еді. "Қол қусырып, алдыма әлі-ақ келерсің" деген. Сол кездері өмірден түңіліп, еңсемді түсіруге сәл қалған едім. Ең қиын кезең болды. Бүгін сол көкірегін ұрған адам, бір кісінің қоластында жүргенін көрдім. "Сонша армандаған, "Мен" деген жерің осы ма" деп сұрағым келді. Бірақ тектілігім жібермеді. Жо-жоқ! Дәлірек айтсам, аяғандықтан үндемей, көрмегендей түр жасап алдым. Ұялтқым келген жоқ. Ол мені көріп қалып, көзін жерге түсірді. Уақыт шынымен барлығын өз орнына қояды екен ғой. Жәй ғана күте білу керек екеніне тағы да көзім жетті. Өзіме риза болып, шүкір дедім. Тәтті күлкі, соңғы күлгенге бұйыратынын ұмытпау керек", – деп жазды актриса.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді