Наурыз мерекесін атап өтуде Қазақстан түркі халықтарына үлгі болып жатыр

15.03.2024, 14:36
775
Наурыз мерекесін атап өтуде Қазақстан түркі халықтарына үлгі болып жатыр infohub

Биыл Наурыз мерекесі ерекше атап өтілетіні жан-жақты айтылып жатыр. Он күн тойланатын мерекенің әр күнінің өз мәні мен мәйегі бар.

Мерекенің әр күні халықтың әр қилы дәстүрлеріне негізделген. Наурыз мерекесінің аясында 15-наурыз – Қайырымдылық күні. Бұл күн ел бойынша қайырымдылыққа, мейірім мен тату көршілікке арналады. Бұл күн  қоғамға қайырымдылық көрсету мәдениетін сіңіріп, жанашырлық пен өзара қол ұшын беру құндылықтарын паш етеді. Қайырымдылық қазақтың тұрмыс-тіршілігіне тән нәрсе болғандықтан мемлекеттік саясаттың да ажырамас бөлігі болып қалыптасқан. Қанға сіңген қайырымдылық пен тату көршілікке ұмтылу әсіресе зұлмат кезеңдерінде толығымен көрініс тапты. Ел ішінде сондай ауыр кезеңде мейірім-шапағат, қайырымдылық, адамдардың жақындығы жоғалған жоқ, керісінше, арта түсті. Мейірім мен қайырымдылықтың арқасында халық өзінің бет-бейнесін сақтады. Ал орталықтың солақай саясатының пәрменімен жер-жерлердегі түрлі ұлттардың өкілдері қазақ жеріне күштеп көшірілген заманда қайырымы басым қазақ халқы мыңдаған жат жұртты өзінің жанына сыйғызды. Жан-жақтан эшелон-эшелон болып ағылып келген өзге ұлттардың адамдарын қазақ халқы қырылып қалудан аман алып қалды. Халықтың өзі аса ауыр халде болса да күштеп қоныстандырылған өзгелермен баспанасын, бір үзім нанын бөліп жеді. Қазақ қайырымдылығының теңдессіз мысалы – осы деуге болады. Сол халықтар өсіп-өнді, Қазақстанды өзінің отаны деп сезінді. Бұл үрдіс осы күнге дейін мәнін жоғалтқан жоқ. Қазақстанда осы күні тұрып жатқан жүзден аса ұлт өкілдері қазақтан көрген қайырын ұмытпайды, өздері де қайырымды этносқа айналды. Қазақтың тату-тәтті көршілік қасиеті оларға да жұғысты болды. Өзге ұлттардың өкілдері барлық қалаларымыз бен ауылдарымызда қазақтармен тату-тәтті көрші тұрып, ағайындай араласады. Осындай жарқын ахуал әсіресе Наурыз мерекесінде паш етіліп, ұлттардың достығы мен бір-біріне деген қайырымдылығы және тату көршілігі бұрынғыдан да нығая түседі. 

Осы қайырымдылық пен тату көршілік мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатында мықтап қалыптасқанын жоғарыда айттық. Қайырымдылық ішкі саясаттың өзегі деуге де болады. Мемлекет тарапынан мұқтаждарды қолдау, көмектесу, қарттар мен балаларға қамқорлық, жетімдерге пана болу, тұрмысы төмендерге қол ұшын созу жыл он екі ай тоқтамайды. Мемлекет тарапынан бөлек, толып жатқан қайырымдылық ұйымдар, жеке меценаттар мен кәсіпкерлер де жоқ-жітік пен мұқтаждарға көмектесуге асығып тұрады. Ал тату көршілік дегеннің өзі халықтың қанына сіңген қасиет болумен қатар мемлекеттің сыртқы саясатының да өзегіне айналған. Мемлекет барлық уақытта өзге мемлекеттермен арадағы қатынасты тату-тәтті көршілік ұстанымымен жүзеге асырып келеді. Бұл жерде халық пен мемлекет бір-бірін толықтырып, бір-бірін рухани жағынан байытып отыр деуге де келеді.

Құндылықтарымыздың ішіндегі қайырымдылық, мейір-шапағат, татулық қасиеттерді Наурыз мерекесінде насихаттау өскелең ұрпақ үшін керек нәрсе. Сол себепті мерекеде Қазақстанның барлық өңірлерінде, ондағы қалалар мен ауылдарда қайырымдылық акциялары ұйымдастырылады, тату көршілік паш етіледі. Осындай өнеге көрсетіледі. Мысалы, Астана қаласында 15-наурызда Алматы ауданындағы коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай мен бауырсақ, мерекелік сусын – Наурыз көже таратылады, «Жанашыр» қарттар үйінде, екі көпшілік кітапханасында, Қуыршақ театрында, «Жастар» театрында түрлі іс-шаралар өткізіледі. Қалада 180-ге жуық мұқтаж адамға азы-түлік жиынтығы беріледі. «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері қала тұрғындарына бауырсақ пен шоколад таратады. Ал кешке Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда «Наурыз айы туғанда» атты концерт өтеді.  

Шамамен осы сияқты іс-шаралар елдің барлық өңірлерінде белгіленген. Қайырымдылық акциялары, мәдени-көпшілік мейрам мен қайырымдылық концерттер, балаларға арналған ойын-сауық орындары, көпшілік жиналатын жерлерде адамдарға дәм беру, тұрмысы төмен отбасыларға материалдық көмек ұйымдастыру сынды мерекелік шаралар 15-наурызда барлық жерде өтеді. 

15-наурыз күні Наурыз мерекесін тойлаудың маңызды бір күні ретінде осындай мән-мағынаға толы болып, ізгілік пен қайырымдылықтың және мейірімділік пен татулықтың шынайы көрінісіне толы болып дүркіреп өтеді. 

Ендеше мерекелік көңіл көкжиектеріңіз асқақтай берсін.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды