«Оқушы қызды зорламақ болған»: Түркістан облысында қайталап қылмыс жасаған ер адамға сот үкімі шықты

Аиса Махамбет Редактор
16.03.2024, 17:17
867
«Оқушы қызды зорламақ болған»: Түркістан облысында қайталап қылмыс жасаған ер адамға сот үкімі шықты interia.pl

Колониядан шыққаннан кейін 9 күн өткен соң ол қылмысты қайталаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысында Кентауда 11 жасар қызды зорламақ болды деп айыпталған ер адамға қатысты сот процесі аяқталды. Үкім шығарылды. Бұл туралы Otyrar.kz жазды.

Басылым ақпартынша, қылмыс өткен жылдың сәуірінде болған. Зорлық-зомбылық әрекеті қыз өз үйінің ауласында ойнап жүрген кезде болған. Ол қарсылық көрсеткен, содан кейін қаскөй оқушы қызды аяусыз ұрып-соғып, буындырып бастаған. Қызға өтіп бара жатқан адамдар көмектесті.

Ер адамға Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 120-бабы 4-бөлігі бойынша айып тағылды.

Ол 2018 жылы влдын ала сөз байласу арқылы кісі өлтіру және тонау қаупімен үйлестірілген сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері үшін сотталғаны анықталды. Колониядан шыққаннан кейін 9 күн өткен соң ол қылмысты қайталаған.

Сотта ер адам өз кінәсін ішінара мойындап, қызды зорлағысы келмегенін, тек сөйлесу үшін оған жақындағанын айтты.

"Соттың шешімімен айыпталушы кәмелетке толмаған баланы зорлауға оқталу бойынша кінәлі деп танылып, қылмыстың қауіпті қайталануы деп танылды. Үкімдерді ішінара қосу арқылы оған 15,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, ол жазасын қатаң қауіпсіздік режимінде колонияда өтейді", - деді Түркістан облыстық сотының баспасөз хатшысы Әсет Серікбаев.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. Ер адам бірінші сатыдағы соттың шешіміне шағымданбақ. Апелляция 19 наурызда өтеді.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)