Астанада алименттік қарызы бар адамдарға тиесілі 10 көлік айып тұрағына жеткізілді

17.03.2024, 10:54
978
Астанада алименттік қарызы бар адамдарға тиесілі 10 көлік айып тұрағына жеткізілді Depositphotos.com

«Борышкер» рейдтік шарасы жалғасып жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада алименттік қарызы бар адамдарға тиесілі 10 автокөлік айып тұрағына қойылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты қалалық Әділет департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды.

Әділет департаменті, Астана қаласы бойынша жеке сот орындаушылар өңірлік палатасымен, алимент өндіру туралы атқарушылық іс жүргізулер бойынша мәжбүрлеп орындату шараларын қолдана отырып Астана қаласы Полииця департаментімен бірлесе «Борышкер» рейдтік шарасы өткізіліп жатыр.

«Аталған рейдтік шара барысында, 4 наурыздан 14 наурыз аралығында алимент бойынша берешегі бар борышкерлердің автокөліктерін айып тұрағына қою бойынша шаралар қабылданып, нәтижесінде күні бүгінге жалпы сомасы 23 075 219 теңге алимент берешектері бар борышкерлердің 10 автокөлігі ұсталып, айып тұрағына қойылды.

Жеке сот орындаушылармен аталған автокөліктерді бағалау, сауда-саттыққа шығару жұмыстары жүргізілетін болады.

Аталған рейдтік шара бойынша алдағы уақытта да борышкерлердің мүлкінен өндіріп алу бойынша шаралар одан әрі жалғасатын болады», - делінген Әділет департаменті таратқан хабарламада.

2024 жылдың басынан бастап Әділет депатартаментінің мемлекеттік сот орындаушыларының әкімшілік хаттамалар негізінде Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен алимент санаттары бойынша 38 борышкер ҚР ӘҚБтК 669-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 8 борышкер 2-ден 5 тәулікке дейін қамауға алынды, қалғандарына 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар, Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен алимент төлемдерінен қасақана жалтарған 2 борышкер ҚР ҚК 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Сол сияқты Астана қаласының Әділет департаментімен Астана қаласының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен және «Астана қаласы әкімдігінің Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-мен бірлесіп «Бос орындар жәрмеңкесі» өткізуде. Мұндай іс-шаралар алимент төлемдері бойынша борышкерлерді белсенді әлеуметтік өмірге тартуға бағытталған. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді