«500 мыңға 5 ән айтам»: Актриса Нұргүл Мыңғатова жеке өмірі, шығармашылығы жайлы айтып берді

Аиса Махамбет Редактор
17.03.2024, 14:49
2531
«500 мыңға 5 ән айтам»: Актриса Нұргүл Мыңғатова жеке өмірі, шығармашылығы жайлы айтып берді жеке парақшасынан

«Баламның әкесі жайлы айтпаймын» деді актриса.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, көпшілікке «Келінжан» сериалындағы Балқия келін боп танылған актриса Нұргүл Мыңғатова «Жұлдызды шаңырақта» бағдарламасында балалық шағы мен жеке өмірі жайлы сыр шертті.

«Әкем ерте қайтыс боп кетті де, нағашы атамды «папа» деп, бесінші сыныпқа дейін сол кісінің қойнында ұйықтайтынмын. Үш жыл бұрын ол кісі де дүние салды. Балалық шағым жақсы өтті, нағашыларым жақсы тәрбие берді, қарады.

Кішкентай күнімнен еңбекке араластым. Бесінші сыныптан бастап сүт саттым. Әскери қалашық болатын, соған бір қолыма 6 литр, екіншісіне 6 литр сүт алып, үйме-үй, көпқабатты үйлерді аралап шығатынмын. Бар білген орысшамды айтып, олар менің түріме, тіліме қызығатын ба еді, әйтеуір тез-тез сатып қайтушы едім. Ал кешкі сүтті көршілерге саттым. Бірақ еркін өстім, еркелетіп өсірді. Бәрі өз ретімен, мөлшерімен болатын», - деді Нұргүл. 

Актриса анасының небәрі 27 жасында жесір қалғанын айтып берді.

«Әкеміз қайтыс болған соң Аягөзге, нағашыларымыздың қолына көшіп келдік. Анам оқуға түсетін болды да, ағам екеумізді тастап, Алматыға кетті. Кейін Аягөзден үш бөлмелі пәтер алып, біз бөлек шықтық. Анамыз сол күйі тұрмысқа шықпады. Ол кезде бала едік қой, бәлкім бізге білдірмей, сырттай араласып, кездесіп көрген шығар. Бірақ тағдырын біреумен тоғыстырмады.

Мен де қазір жеке өмірім жайлы ешкімге айтпаймын, білетіндер де көп, білгісі келіп, сұрайтындар да аз емес. Бірақ еш жерде ол туралы айтпаймын. Кішкентай «Шиқылдағымды» босанғанымды да көп адам білмей қалды, «Қалай сонда?», «Бұл баланың әкесі кім?», «Асырап алған жоқ па?» деп небір әңгіме айтылды. Бірақ, ол туралы еш жерде тіс жарып айтқан емеспін», - деді актриса.

Нұргүлдің танымалдылығы «Балқия» әнінен кейін арта түскен. Қазір ол тойларға шығып, ән де айтып жүр екен.

«Балқия» әнінен кейін «Кавер-шоу» бағдарламасына қатыстым. Ақырындап ән жаздыра бастадым. Қазір енді тойға барсам «Әнші, актриса» деп таныстырып қалады. Бірақ мен әнші емеспін. Қоржынымда бұйырған бес әнім бар, тағы жаздырсам ба деп жүрмін. Алматының ішінде 500 мыңға, ал сырт жаққа одан сәл қымбаттау бағаға барып, өнерімді көрсетіп кетемін», - деп ағынан жарылды Нұргүл Мыңғатова.

«Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды Үш әйел әуежайда жыныс мүшесіне алты келі алтын жасырып өтпек болған Қарағандылық тұрғын Facebook-тегі пікірі үшін 200 мың теңге төледі Тыңғылықпен айналысқан швециялық «шпион» шағала ұсталды "Сөйлесіп қойғанмын": Соттағы күмәнді диалогты прокуратура тексеретін болды Павлодарда дәрігер сүндеттеу кезінде балаға ауыр дене жарақатын салған Қазақстандық ғалымдардың стартабы Оксфорд зерттеуіне ілікті Оқушының арқасына үшкір зат тыққан мұғалім кінәсіз деп танылды «Мен атқан жоқпын»: Марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың куәлік берген видеосы қаралды Сәтбаев қаласында подъезде ер адам қызға шабуыл жасады (ВИДЕО) Ер адам өзінің екі жасар қызын көлігімен басып өлтірді Трамп Гарвардқа шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салды «Уақыт жоғалтып алдық»: Бейсен Құранбектің әйелі марқұм күйеуінің сырқаты туралы сыр ашты (ВИДЕО) Қостанайда жалақыларын талап еткен құрылысшыларды полиция қамап тастады «Маған да берген жоқ»: Әнші Amre атақ бермегені үшін ренжіп қалды Ұлттық ұланның ән-би ансамблі Батырхан Шүкеновті еске алу кешінде көрермендердің жүрегін елжіретті Сыныптасына қателесіп қоңырау шалғаны үшін полицей фельдшерді өлтірген