«Алжыған қақбастар жастарға не үлгі береді»: Тиктокта жындының қылығын істеген кейуана көптің сынына қалды

Аиса Махамбет Редактор
17.03.2024, 17:47
1570
«Алжыған қақбастар жастарға не үлгі береді»: Тиктокта жындының қылығын істеген кейуана көптің сынына қалды бейнежазбадан алынған кадр

Тикток әлеуметтік желісінде оқырман жинап, ақша табу үшін жынды адамша түрлі іс-әрекет жасаған әженің видеосы тарады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, журналист Гүлмира Әбіқай видеоны өзінің Instagram парақшасында жариялап, тик ток желісіне тыйым салуды ұсынды. 

"Басты бәле тик токтан. Тиктокқа шығып кәрі де, жаста өз қадірін кетіруде. Көп мемлекет осы әлеуметтік желінің пайдасынан гөрі зияны көп екенін көріп, қолдануға заңмен тыйым салуда.

Бұл интернет қауымдастық 2016-шы жылы пайда болды. Қазір айына 1 млрд. астам қолданушы тикток желісіне кіреді екен.

Ойлап тапқан Қытай азаматы Чжан Имин. Айта кетерлігі Қытайдың өзінде тикток жоқ. Орнына осының баламасы “Доуинь” жұмыс істейді. Мұнда боқтық сөз, жағымсыз әрекеттер шектелген!

Тикток желісін қолдануға тыйым салынған мемлекеттер:

ЕуроОдақ көлемінде, Франция, Норвегия, Ұлыбритания, Канада, Бельгия және Түркия, Пәкістан, Үндістан, Сингапур, Малайзия. АҚШ Конгрессінің өзі кеше ғана бұл желіні қолдануға тыйым салатын заң жобасын мақұлдады.
Тіпті, көрші Қырғызстан тиктокқа тыйым салу жайын талқылауда.

Ал, біз Қара қатын қолтықшаштан бастап небіреулерді көріп келе жатырмыз. Тікелей эфирде ішіп масайып, сағаттап жел шығарып, тіпті, дәретке отыратындар да бар дей ма, құдай-ау?! Не істейміз?", - деп жазды журналист.

Желі қолданушылары да біраз жасқа келген әжейдің бұл қылығын түсінбей дал болуда.

"Мына апада көктемдік кризис па", "Стримда отыратындар әжелерді әже деуге келмейді", "Фуу, қандай жиіркенішті", "Намаз оқып үлгі болатын апаларым-ай", "Мынау енді сұмдық қой", "Алжыған кәрі қақбастар жастарға не үлгі береді", - деп жазды олар.

Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды Үш әйел әуежайда жыныс мүшесіне алты келі алтын жасырып өтпек болған Қарағандылық тұрғын Facebook-тегі пікірі үшін 200 мың теңге төледі Тыңғылықпен айналысқан швециялық «шпион» шағала ұсталды "Сөйлесіп қойғанмын": Соттағы күмәнді диалогты прокуратура тексеретін болды Павлодарда дәрігер сүндеттеу кезінде балаға ауыр дене жарақатын салған Қазақстандық ғалымдардың стартабы Оксфорд зерттеуіне ілікті Оқушының арқасына үшкір зат тыққан мұғалім кінәсіз деп танылды «Мен атқан жоқпын»: Марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың куәлік берген видеосы қаралды Сәтбаев қаласында подъезде ер адам қызға шабуыл жасады (ВИДЕО) Ер адам өзінің екі жасар қызын көлігімен басып өлтірді Трамп Гарвардқа шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салды «Уақыт жоғалтып алдық»: Бейсен Құранбектің әйелі марқұм күйеуінің сырқаты туралы сыр ашты (ВИДЕО) Қостанайда жалақыларын талап еткен құрылысшыларды полиция қамап тастады «Маған да берген жоқ»: Әнші Amre атақ бермегені үшін ренжіп қалды Ұлттық ұланның ән-би ансамблі Батырхан Шүкеновті еске алу кешінде көрермендердің жүрегін елжіретті