«Жыл сайын адам өледі»: Есік қаласында ер адам өткелден құлап, көз жұмды

19.03.2024, 10:27
1325
«Жыл сайын адам өледі»: Есік қаласында ер адам өткелден құлап, көз жұмды Almaty.tv

Есік қаласы маңындағы Үлкен Алматы каналын кесіп өтетін өткелден құлап қайтыс болған 46 жастағы азаматты жақындары кеше жер қойынына тапсырды. Ал осы арна маңындағы халық, тағы да адам өлмесін деп әкімдік өкілдеріне талап қойды.

Тұрғындардың айтуынша, бұл қауіпті жерден күніне 100-150 оқушы мектепке қатынайды, деп хабарлады Aikyn.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Ашынған халық апатты жағдай тағы да бола ма деп қорқады. Өйткені азық-түлікке аттанған азамат осы жерден құлап кеткен.

Сол түні тұрғындар мәйітті осы жерден тауып алғанын айтады. Алайда жұлыны үзіліп, басы жарылған азамат бірден жантәсілім еткен. Ал қалың ел «қылкөпір» деп атап кеткен өткелде өмірін қиған тек жалғыз ол кісі емес, «жылда адам өледі» дейді.      

– Құлап барып, сырғанап анау тұрған бетонға басын жарып, үйелеп қалған. Артқа шығуға мүмкіндік жоқ. Үш қызы, бір ұлы бар. Бір үй азаматынан, асыраушысынан айырылып отыр. Нарынқолға әке-шешеміздің жанына жерлеп келдік, – деді марқұмның інісі Елжас Нүсіпов.

Есі кеткен ел «келесі кім?» деп дабыл қағып отыр. Бұған дейін талай адам суға кетіп, денесін әзер тауыпты. Ал Есік қаласына екі аттам жерде тұрса да, ауыл статусын ала алмай жүрген ел «өркениеттен жұрдаймыз» дейді.

– Халық таңғы сағат 05:00-ден  24:00-ге дейін Алматыға қатынап жұмыс істейді. Менің санауым бойынша, солардың он бірін көлік қағып өлтірді. Аудан әкіміне мәселені айтық, ауылдың әкіміне бардық. Тыңдайтын құлақ жоқ. Осы көпірден өтуге мәжбүр болып отырмыз, – деді саяжай тұрғыны Ермек Құралбаев.

– Біріншіден, бұл көпір емес, «ГидроСервис» ЖШС балансында тұрған, үстінен су өтетін құрылғы. Ал басқа мекеменің балансында тұрғандықтан, мемлекет тарапынан қаражат бөліп, көпір салып бере алмаймыз. Демеуші табылған жоқ, іздеп жатырмыз, – деді Еңбекшіқазақ ауданы Бөлек ауылдық округінің әкімі Асыл Изиев.

Азаматтар әлгі қанды өткелге құзырлы орган өкілдерін шақырып, арыз жазды. Көп ұзамай аудандық прокуратураға да шағым түсірмек.

Ел Президенті ұландықты марапаттады Шерзат Болаттың досы неге оқиға орнынан қашып кеткенін түсіндірді Шерзаттың өліміне куәгер Эльмира Нұрбекова күдікті жігіттермен 2 күн бұрын танысқанын айтты «Төбелес біткен тұста пышақ ұстаған бір топ жігіт келді»: Шерзаттың досы сотта куәлік берді Ақтөбелік келіншектің ұлы анасының 600 мың теңгелік сақинасын балабақшадағы қызға сыйлап жіберген Алматы қаласында «Инклюзивті қала: шешімдер мен мүмкіндіктер» атты панельдік сессия өтті «Қыздар көре алмай жатыр»: Диана Скатова жеке өмірінен сыр шертті «20 жылға соттамақ»: Ресейде адыраспанмен ұсталған қазақстандық ер адам 8 ай қамауда отыр Шерзаттың анасы куәгер қыздардан жедел жәрдем шақыруын сұрағанда олардың тас лақтырғанын айтты Ауғанстанға Қазақстан 36 вагон көмек апарып берді «Маған «сені де өлтіреміз» деп айтты» – Шерзаттың анасы Гүлбара Бейшімбаева Мұхтар Шахановтың жұбайы Розалинда Шаханова өмірден озды Ресей елдегі шетелдіктердің ақша аударымдарын қадағаламақ Франция Қазақстан үшін виза режимін жеңілдетуді қолдады Ақтау қаласында көшені кеш бата салысымен шибөрілер кезетін болған (ВИДЕО) Жетімге тиесілі баспанада Ертіс ауданы әкімінің орынбасары тұрған Жаңаөзенде 11 сынып оқушылары шетелге оқуға түскен сыныптасын көре алмай оны ұрып тастаған Зеленский Қытайды Ресейге қару-жарақ жеткізді деп айыптады, кейін Путин Тоқаевпен байланысты Атырау маңында КамАЗ аударылып, ішіндегі мұнай жерге төгілді 13 жасар мектеп оқушысы мұғалімнің басынан балғамен ұрып, мектептен қашып кеткен (ВИДЕО)