820

Интернет алаяқтарына алданған адамдарға 43 млн теңгесі қайтарылды

Алматы қаласында интернет алаяқтық қылмыстар арасында 2-орында тұр. Қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаровтың айтуынша, ІТ-технологиялардың даму қарқыны алаяқтарға қылмыспен айналысуға бар жағдайды жасап отыр.

Интернет алаяқтарына алданған адамдарға 43 млн теңгесі қайтарылды
canva.com

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Дегенмен қалада заңсыз әрекеттердің осы түрін тіркеу 9,3%-ға қысқарса, қылмысты ашу көрсеткіші 5%-ға жақсарды.

Қазір полиция интернет-платформалармен, екінші деңгейлі банктердің өкілдерімен, БАҚ пен әлеуметтік желілердегі белсенді ақпараттық жұмыстың арқасында интернет-алаяқтықты тіркеуді азайта алдық. Кибернадзор ақпараттық жүйесі арқылы 362 ресурс анықталып, бұғатталды, – деді ол.

Оның айтуынша, былтыр полиция департаментінде «Киберпол» бөлімшесі құрылып, ІТ-технологиялар саласындағы қылмыстарды ашу жұмысы одан әрі жалғасып жатыр. Полицейлердің көмегі арқасында алаяқтардың құрбаны болған азаматтарға 43 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды.

Осы ретте полицияның өкілі отандастарымызға жеке деректерді ешкімге айтпау, жеке ақпаратты, телефонның құпия сөздерін немесе картаның CVR кодтарын ешкімге жібермеу, банктен келген кез келген қоңырауды, туыстарға қатысты кез келген жағдайды тексеру керектігін ескертті.