"Ұлым, үйге оралшы". Павлодарлық жоғалған жігіттің анасы видеоүндеу жасады

20.03.2024, 18:45
1131
"Ұлым, үйге оралшы". Павлодарлық жоғалған жігіттің анасы видеоүндеу жасады әлеуметтік желі

Ұлының аман-есен оралуын тілеп отырған ана «VITA» еріктілер жасағының әлеуметтік желідегі парақшасында бейнеүндеу жариялады.

Азамат Исмурзиновтың хабарсыз кеткеніне бір апта болды, деп хабарлайды  Pavlodarnews.kz.

Ұлының аман-есен оралуын тілеп отырған ана «VITA» еріктілер жасағының әлеуметтік желідегі парақшасында бейнеүндеу жариялады. 

"Азамат, ұлым, үйге оралшы. Барлық мәселені бірге шешеміз. Өтінемін. Жаман ойларға бой алдырмашы немесе жағдайыңның жақсы екені туралы хабарлашы. Сенің жаның мен жүрегің ауырып тұрғанын түсінемін. Ал менің жаным өртеніп, жанып жатыр. Сенсіз тамағымнан ас өтпейді, көз ілмеймін. Түсінесің бе? Бір белгі берші. Біз барлығымыз сені күтіп отырмыз", – дейді жан жүрегі езілген ана. 

16 наурызда 47 жастағы қала тұрғыны полицияға хабарласып, ұлы Азамат Исмурзинов үйден кетіп қалып, оралмағанын мәлімдеген. Аталған факті Павлодар қаласының Оңтүстік полиция бөлімінде дереу тіркелді. Бағдарлау жасалып, облыстың барлық аумақтық бөлімшелеріне және жақын облыстарға жіберілді. 

Авто және ТЖ вокзалы тексерілді, такси жүргізушілері, қалааралық рейстердің жүргізушілері сұрастырылды және сауалнама жүргізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

Полиция хабар-ошарсыз кеткен адамның орналасқан жерін анықтауға бағытталған жедел іздестіру іс-шараларын жалғастыруда.

Еске сала кетейік,   1995 жылы туған қала тұрғыны рюкзак пен ноутбугын алып, Назарбаев көшесі, 42 мекенжайынан шығып кеткен. Жоғалып кетпестен бір апта бұрын әлеуметтік желідегі парақшаларын өшіріп, қоштасу хатын қалдырған. 

Облыстық полиция департаментінде іздеуде жүрген адамның орналасқан жері туралы немесе қандай да бір ақпарат бар болса, 102 және Павлодар қаласы полиция басқармасы Оңтүстік полиция бөлімі іздестіру бастамашысына 8 (7182) 37-78-16 (ПББ), 37-78-05 (кезекші бөлім) телефондары  бойынша хабарлауды сұрайды.

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты