Белгілі жазушы, журналист Медеу Сәрсеке өмірден өтті

21.03.2024, 11:31
604
Белгілі жазушы, журналист Медеу Сәрсеке өмірден өтті Мәдениет және ақпарат министрлігі

Көрнекті жазушы, журналист, драматург, «Құрмет» орденінің иегері, қазақ әдебиетінде ғылыми-қиял жанрының өрістеуіне айрықша үлес қосқан қаламгер Медеу Сәрсеке өмірден өтті.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Медеу Сапаұлы қазақ кен-металлургия институтын бітірген соң «Жас Алаш» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Семей цемент зауытында мастер, аға диспетчер, өнертапқыштар бюросының бастығы, «Егеменді Қазақстан» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі, Қазақстан жазушылар одағының Семей облысаралық бөлімшесінде жауапты хатшы қызметін атқарған.

Медеу Сапаұлы өндіріс пен жазушылықты қатар алып жүріп, «Ғажайып сәуле», «Көрінбестің көлеңкесі» мен «Жетінші толқын» ғылыми-фантастикалық туындыларын жарыққа шығарды. Сондай-ақ өзі еңбек ететін кенді Алтайдың тіршілік-тынысын, өмір ағысын суреттейтін «Жаңғырық», «Көмбе» романдарын жазды. «Сәтбаев», «Ебіней Бөкетов» атты деректі ғұмырнамалары мен «Шығыс хикаясы» пьесасы оқырманның жүрегінен орын алды.

А.Беляевтің «Қос мекенді адам» романын қазақ тіліне аударды. Медеу Сапаұлының академик Қ.Сәтбаев туралы «Планета Сатпаева» және «Через тернии» кітаптары әлемнің 112 еліне тараған.

«Берген садақамды да есептеген»: Ләйлә Сұлтанқызы комитет алдында табысы туралы есеп берді Трампқа ерегескен Қытай Hollywood фильмдерінен бас тартпақ «Жақында өмірге бір бөпе келеді»: Айгүл Иманбаева қуанышты хабарын жеткізді Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамдағы вилласында қарсы алды «Күнде хабарласады»: Блогер Айжан Байзақова өзіне қайын атасы маза бермейтінін айтты Сәкен Майғазиев ұлының сүйіктісі барын әлеуметтік желі арқылы білгенін айтты «Ешқашан өштескен емеспіз»: Алматыда 45 жастағы әйелді құдасы дубинкамен көшеде ұрып кеткен Magnum халықтан кешірім сұрады (ВИДЕО) АҚШ-тың Украинадағы елшісі жұмыс орнын босатты Шерзат Болатты қалай өлтіргенін прокурор ретімен айтып берді Мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған бір топ адам ұсталды «Зауыт салу керек еді»: Абай Бегейдің қызы Ақтауда құны 20 млрд теңге тұратын мейрамхана ашты Қазақстанда Ислам даму банкінің қолдауымен 4 жаңа су қоймасы салынады Атыраулық үш жасар бүлдіршін Президенттен алғыс алды Құлсары маңында тағы да жер сілкінді «4 отадан аман-есен өттім»: әйгілі Ника Нетт бет-әлпетін өзгертті Жанар Айжанова сынған сүйекті емдеудің жолын тапты Шерзаттың үйін өртегендерді анықтау үшін ресейлік спутник қолданылмақ Түркістанда ер адам бұрынғы әйеліне пышақ тақап, басқа қалаға қорқытып алып кеткен Ақтауда ер адам балаларды пышақпен қорқытқан (ВИДЕО)