Чемпионның жолы: Жәнібек Қанатбаев – Тай боксының хас шебері

14.08.2023, 13:26
336
Чемпионның жолы: Жәнібек Қанатбаев – Тай боксының хас шебері

Жігер, табандылық және даусыз талант – адамды спорт әлеміне алып баратын қасиеттер, міне, осылар.

Жәнібек Қанатбаев Алматы облысы, Қарасай ауданында дүниеге келген. 123 Қожа Ахмет-Яссауи атындағы мектеп-гимназиясын бітірген. Спортқа 6 жасынан келген. Спортқа ағасының артынан еріп барған. Тай боксына 13 жасынан бастап келген. Балалық шағында өте тұйық болған. Спортпен кәсіби түрде айналысуы қызығушылық ретінде басталып, жақсы жетістіктерге жеткеннен кейін толық кәсіби түрде алып кеткен.

Жәнібек Қанатбаев – алған беттен қайтпайтын қайсарлықтың, табандылықтың және спортта жетістікке жетудің нағыз үлгі-өнегесі. Оның спорттағы жолы 2005 жылы басталды. Ол кезде грек-рим күресіне аяқ басқан еді. Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде оқығанда-ақ ол өзінің таланты мен беталысын бірден байқатты.

Дегенмен жаңа белестерге ұмтыла отырып және биіктерді бағындыру үшін Жәнібек Қанатбаев өзінің айналысатын спорт түрін тай боксына ауыстыру туралы шешім қабылдады. Бұл шешім оның алдынан жаңа мүмкіндіктердің есігін ашты. Бар-жоғы 1,5 жылда ол Қазақстан құрамасына енді және әлем чемпионатында екінші орынды жеңіп алды. Осыдан бастап Жәнібек Қанатбаевтың спорттағы мансабы арта берді.

Бүгінгі күні Жәнібек Қанатбаев–  халықаралық дәрежедегі спорт шебері, оның тай боксындағы жетістіктері өзгелерді бей-жай қалдырмайды. Ол Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, әлем чемпионы атағының иегері және тай боксынан әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Оның таланты мен табандылығы өзінің жасаған кәсіби рекордтарымен өлшенеді: тай боксынан 9-0 және жұдырықтасудан 5-0.

Бушидо Қазақстан гран-при турнирында финалдық жекпе жекте Өзбекстан елінің намысын қорғап келген спортшымен жұдырықтасып, теңдей нәтиже көрсетеді. Бірақ теңдей нәтиже жоқ болғандықтан экстра (қосымша) раунд беріледі, Өзбекстан елінің спортшысы қосымша раундтан бас тартуына байланысты жеңіске Жәнібек жетеді. Яғни бас жүлде - бущидо Қазақстан гран-при белбеуін жеңіп алады. Дәл осы жекпе жек жылдың үздік жекпе жегі атанды.
Қалай дегенде де оның жеңіс жолдары еліміздегі жетістіктерімен ғана шектелмейді. Жәнібек Қанатбаев чемпион ғана емес, NOMAD FC, Bushido Kazakhstan и Jauynger ұйымдарындағы үш белдеулердің иегері. Оның есімі жеңістер мен кәсібиліктің ұғымына айналды.

Жәнібек Қанатбаевтың NOMAD FC лигасындағы жолы 2022 жылы басталды. Алғашқы жекпе-жектерінде кейде алған жарақатына қарамай мықтылық танытып, жеңістерге жетуі оның таланты мен жігерін байқатты. Ол қиындықтарды еңсеріп қана қойған жоқ, NOMAD FC белдеуін жеңіп алып, өз дивизионында чемпион атанды. 

Бірақ оның мақсат-мұраты Қазақстанның шекарасымен шектелмейді. Өзінің талантың ұштау мақсатында және жас спортшыларға үлгі көрсету мен салауатты өмір салтын насихаттау үшін ол жаңа биіктерге ұмтылады. Соның бір айғағы – Жәнібек Қанатбаев Америкада былғары қолғап түйістіру жайлы шешім қабылдады.

Жәнібек Қанатбаев талантты спортшы ғана емес, сонымен қатар ол щабыттандыратын тұлға. Оның спортқа берілуі мен кемелдікке ұмтылысы өскелең ұрпақтың шабытына шабыт қосады. Оның жолы – қиындықтарды еңсеру мен арманға жетуге талпыныстың тек қана жеңіс жолы.

Алматыда жолды жауып, намаз оқыған 30-дан астам адам жазаланды Шымкентте жаңа қосылған шырша өртеніп кете жаздады «Хас сұлудың өзі»: Мақпал Жүнісова жаңа образымен ел назарын өзіне аударды (ФОТО) «Танымал адамдарды бопсалаған»: Атышулы QirSabyn анонимді Telegram-арнасын құрғандар қамауға алынды «Анамнан айырмаңыздаршы»: Қаржаубай Нұрымовтың жиені қамауға алынған анасына араша сұрады (ВИДЕО) «Алимент төлемейді»: Маңғыстау облысының әкімі некесіз туған ұлы бар екені туралы қауесетке жауап берді Енді тәліптер Ресей үшін «лаңкес ұйым» саналмайды Ұлттық экономика министрі Байбазаров қызметінен кетті Қостанай облысында су тасуына байланысты жол жабылды Еліміздің 16 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды Астана көшелері қашанғы су астында қалады? «Аңыз адам» дей беріңдер»: Қайрат Нұртастың анасы халыққа алғыс айтты «Қазақстанда ақша қалдырып кетуі керек»: Маңғыстау облысында казинолар ашылмақ Еліміздегі сақтандыру компаниялары биыл қанша табыс тапты? 3 жасар баланың көзіне пышақ кіріп кетті Рыбакина «тәубесіне» келе бастады ма? Әкімдік алдында өзін өртеп жіберген адамға қатысты Маңғыстау әкімі түсінік берді «Димаштың әнін Заттыбек айтса»: танымал әзілкеш Заттыбектен кешірім сұрады Ұлттық спорт ойындарын өткізетін дұрыс нысан да жоқ – депутат «Бәрі бітті!»: Меруерт Түсіпбаева жеке өміріне нүкте қойды