"Күтімі бар қатын бол!": Әзілкеш Мереке Қалбаева әйелдерге кеңес берді

Аиса Махамбет Редактор
21.03.2024, 15:49
5721
"Күтімі бар қатын бол!": Әзілкеш Мереке Қалбаева әйелдерге кеңес берді жеке парақшасынан

Осыдан жеті жыл бұрын, актриса өзінен 8 жас кіші жігітке тұрмысқа шығып, көпшіліктің сынына ұшыраған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әзілкеш, КВН ойындарының жұлдызы, блогер Мереке Қалбаева қыз-келіншектермен отбасылық қағида туралы ойын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

"Қыздар, менің түсінгенім, сен мың жерден мықты әйел бол, қырып-жойып ақша тап, тауды қопарып тірлік қыл, бірақ күйеуіңнен бір саты төмен тұрмай, сыйламасаң, онда ақшаңның берекесі болмайды. "Ақылдылар көбейген" демеңдер. Басымнан өткен соң бөлісейін дедім. Үйленген соң бастапқы жылдары Арекеңді (күйеуі Арсен) тыңдағым келмей, сөз қайтарып, а десе мә деп, болмайтын жерден ұрыс шығарғым келіп жүргенде, нәтижесі ажырасуға бір қадам болды. Ол кезде үйіміз жоқ, қарыз көп, пәтердің жағдайы нашар,береке де, тыныштық та жоқ еді. Одан соң өзіме "Мереке, сен қуасың ба? Ол ішпейді, шекпейді, ұрмайды, басқа қыздарға қарамайды, сені ғана сүйеді. Сонда саған не керек? Таңда! Арсенді алға шығарып, өзің соған арқа сүйейсің. Болмаса, ажырасасың!" деп өз-өзіме таңдау жасаттым. Не керек, Арсен іске кірісіп еді, бірден байып кеттік, шүкір!", – деп жазды белгілі блогер.

Сонымен қатар, актриса тұрмысқа шыққан әйелдерге, декретте отырған аналарға күтімнің маңызды екенін еске салды.

"Өзіңе үнемі қарап, күтімі бар қатын болып жүр. Мың жерден ақылды болсаң да, "ақымақтың" рөліне кір. Түнде риза қыл. Бала-шағаң, үйің таза болсын. Тамақты тәтті қылып жаса, бірақ өзің аз же, ешқашан семірме. Еркелеп жүр, бірақ асыра сілтеп, жиіркендіріп жіберме. Қалауыңды түнгі ризашылықтан кейін айт. Дәл осылай істеп жүріп, күйеуің біреуге кетсе немесе ұрса, онда маған айт", – деді әзілкеш-актриса. 

«Уақыт жоғалтып алдық»: Бейсен Құранбектің әйелі марқұм күйеуінің сырқаты туралы сыр ашты (ВИДЕО) Қостанайда жалақыларын талап еткен құрылысшыларды полиция қамап тастады «Маған да берген жоқ»: Әнші Amre атақ бермегені үшін ренжіп қалды Ұлттық ұланның ән-би ансамблі Батырхан Шүкеновті еске алу кешінде көрермендердің жүрегін елжіретті Сыныптасына қателесіп қоңырау шалғаны үшін полицей фельдшерді өлтірген 68 жастағы әйел күйеуін арақ ішкені үшін пышақтап өлтірген «Я, Аллаһым, мені сақташы…»: Азапталып қаза болған Ақнәрдің соңғы сәттегі видеосы тарады (ВИДЕО) Боксшы қыздарымыз Азия чемпионатынан 12 алтын иеленді «Туғанымдай бағып едім»: 29 жастағы жігіт өгей анасы мен оның немересін өртеп жібермек болған «Басыңызға келсін»: Мөлдір Әуелбекова үй шаруасын жасамайтынын айтты Қатерлі ісікке шалдыққан Джо Байденнің 1 жыл ғана өмірі қалған Шымкентте жазасын өтеп жүрген ер адам 8 жасар қыздың етегіне қол жүгірткен Ресей командирлері украин тұтқындарын өлтіріп жатыр (ВИДЕО) Түркістанда қоңыр аю камераға түсіп қалды (ВИДЕО) Жанжал кезінде Қаржаубай Нұрымовтың қолында қандай пышақ болғаны айтылды Швейцариялық Димаштың жанкүйері Қазақстан туралы кітап шығарды Екібастұзда есірткі жасырумен айналысқан оқушы қыз ұсталды Бүгін бірқатар өңірде бұршақ жауады «Назарбаев ұлтшыл жігіттерді биліктен алыстатты» – Санжар Керімбай «Көріпкелдің арқасында»: Ұлықпан Жолдасов неліктен шашын қысқартпайтынын түсіндірді