Шымкент қаласының әкімі көпбалалы аналарға президент атынан пәтер кілттерін табыстады

Аиса Махамбет Редактор
22.03.2024, 10:10
745
Шымкент қаласының әкімі көпбалалы аналарға президент атынан пәтер кілттерін табыстады gov.kz

Президентке хат жолдаған София Уркумбаева мен алты баланы өрттен құтқарған Марина Гафароваға сыйға баспана берілді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина Гафароваға пәтер кілттерін табыс етті.

Жаңа жыл қарсаңында "Тілектер шыршасы" дәстүрлі акциясында София Уркумбаева Президенттің атына хат жазған болатын. Жалдамалы пәтерде әкесімен бірге тұратын кішкентай қыздың тілегі орындалып, үш бөлмелі пәтерге ие болды.

Сонымен қатар, Ғабит Әбдімәжитұлы төрт бөлмелі пәтердің кілтін Марина Гафароваға табыстады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 16 желтоқсанына қараған түні тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққан болатын. Қызыл жалынды байқаған әйел отқа оранған үйдің терезесін сындырып кәмелетке толмаған балаларды сыртқа шығарды.

Осыған дейін қала әкімі көпбалалы ананың ерлігіне алғысын білдіріп, төрт бөлмелі пәтердің кілтін табыстауға уәде берген болатын. 

Кілт тапсыру рәсімінде Софияның әкесі Рүстенбек Үркімбаев пен Марина Гафарова Мемлекет басшысына ерекше алғысын білдірді. София да өзінің қуанышын жасырмай, өлең оқып, оны ел Президентіне жолдады.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады