Ақтауда көпқабатты үй шатырынан ер адамның мәйіті табылды (видео)
Ақтауда шатырдан ер адамның мәйіті табылды. Қайғылы оқиға 22 наурызға қараған түні болған деген болжам бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, мәйітті 12-шағын аудан тұрғындары тауып алған.
Қайғылы оқиға Ақтаудағы 12-ші шағын ауданның 34-ші үйінде болды. Ер адамның денесі жапсыра салынған үйдің төбесінен табылды. Бұл туралы куәгерлер әлеуметтік желіде хабарлады.
Әлеуметтік желілердегі бейнежазба кадрларында тіршілік белгісі жоқ ер адамның денесі бейнеленген.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем келген.
Алдын ала шамалау бойынша, ер адам көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші